Жануарлар әлемі.Дүниетану .Презентация және сабақ жоспары.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі.

Сабақтың мақсаты: әлемде алуан түрлі жануарлар тіршілік ететінін түсіндіру.

1.Жануарлардың көптүрлілігі туралы оқушылардың білімдерін

толықтыру.

2.Оқушылардың жанды табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.

Сөздік қорын дамыту.

3.Табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: жаңа ұғым беру, «Миға шабуыл» стратегиясы, топпен, оқулықпен,дәптермен жұмыс, ойын сәттері.

Сабақтың көрнекілігі:жануарлар суреттері салынған кесте суреттер, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық.

Шеңбер құру, топқа бөлу(сүтқоректілер,құстар,балықтар,жәндіктер,қосмекенділер,жорғалаушылар)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

А)мазмұнын айту.

Ә)Кестені толтыру.

Өсімдік

аты

Қай өсімдіктер

тобына жатады?

(ағаш, бұта,шөп)

Қайда өсіріледі?

(егістік, бақ,бақша)

Кім өсіреді?

(маман)

Өсімдікті қалай күтіп

баптайды?

3. «Миға шабуыл» стратегиясы

«Жануарлар» деген сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Тақтаға жаз.

Бүгін жаңа тақырып «Жануарлар» туралы оқимыз.

4.Топпен жұмыс.Cлайд№1,2

Әр топ жануарлар бейнеленген кеспе суреттерін алады.

Тапсырма:

Сұлба бойынша өз тобына жататын жануарларды қоршап сыз.

Естеріңе түсіріп, өз тобына жататын жануарлардың басты белгілерін жазыңдар.

5.Бейнематериал көру.слайд№3,4,5,6

Проблемалық сұрақ:Инелік пен қасқырдың қандай ұқсастығы бар?

6.Оқулықпен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы мәнерлеп.

Оқушылар кезекпен оқуы.

Сөздік жұмыс:шөпқоректілер, басқа жануарлармен, шөппен және басқа жануарлармен.

7.Сұрақтарға жауап беру.

§  Тек шөппен қоректенетін жануарларды қалай атайды?

-Осындай жануарларды атаңдар?

§  Шөппен де, жануарлармен де қоректенетін жануарларды қалай атайды?

-Осындай жануарларды атаңдар?

8.Дарынды оқушылармен жұмыс.

9.Карточкамен жұмыс, сәйкестендіру.

Дәптермен жұмыс.

- Әр қатардағы артық тұрған жануарды тап және оны айналдыра сыз. Өзінің таңдауыңды түсіндіруге тырыс. Қалған жануарлар тобының атауын жаз.

§  Тышқан, бұғы және түлкі үшін қорек мәзірін дайындап көр.

10.Мұғаліммен бірлескен жұмыс. Сызба құру.

Басқа жануарлармен

Шөппен

Шөппен және басқа жануарлармен

Жыртқыштар

Шөпқоректілер

Қорек талғамайтындар

Қасқыр, түлкі,арыстан,жолбарыс,…

Бұғы, сиыр,ақбөкен,піл,керік,…

Аю,борсық,кірпі,…

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия.

§  Бүгін мен мыналарды үйрендім…

§  Мен мынадай тапсырманы орындадым…

§  Маған мынадай тапсырманы орындау қиын болды…

§  Мен келесі жолы…

§  Бүгінгі сабақтан қандай жаңалық білдіңдер?

Бұл алған білімдерің өмірге керек пе?

Үйге тапсырма.

§  Жануарлар туралы қызықты ақпараттар жинаңдар

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.4 Mb
Количество скачиваний: 45
Просмотров: 250

Похожие материалы