Жарнама және оның түрлері (5 топ)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Каратаева Карлыгаш Кайржановна
|
Тақырыбы: Жарнама және оның түрлері
(практикалық жұмыс)
Мақсаты:
1. Білімділік: Нарықтық экономикада жарнама түсініктері бойынша алған білімдерін қорытындылау, түсініктерін тереңдету және тәжірибеде қолдана білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Интеллектуалдық, зерттеу іскерлігін, шығармашылық ізденістерін дамыту, еркін сөйлеп, ойын ортаға салуға, көзқарасы мен таным деңгейінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету;
3. Тәрбиелік: топпен жұмыс істей отырып достыққа, адамгершілікке, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: практикалық жұмыс
Сабақтың түрі: шығармашылық – ізденіс сабақ
Сабақтың оқыту әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, іздену, талдау, есеп шығару.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, киімді құрастыру
технологиясы, информатика.
Көрнекі құрал-жабдықтар: мультимедиялық құрал-жабдықтар,
дидактикалық материалдар.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатынасын түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Өтілген материалдар бойынша түсініктерін тексеру. Оқушылар тапсырмаларды орындағанда жауаптары ақша бірліктері (а.б.) арқылы бағаланады. Дұрыс жауаптарға ақша бірліктері қосылады, егер жауабы дұрыс болмаса ақша бірліктері шегеріліп отырылады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Жарнама дегеніміз не? (дұрыс жауапқа 100-300 а.б.)
Жарнама (француз тілінде «reklama», латынша «reklama» - айқайлап айту) – тауарлар мен қызмет түрлерінің тұтынушылық қасиеті туралы әр түрлі іс-шаралар, бір нәрсені хабарлау немесе сатушы мен сатып алушы арасындағы ақпарат алмасу.
1- Жарнаманың мақсаты қандай? (дұрыс жауапқа 300-500 а.б.)
Жарнама мақсаты:
-сауда нарығын кеңейту
-бұқараға тауар жайлы хабарлау
-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау
-қарсыластарға тойтарыс бере алу.
2- Жарнама қай уақыттан бастап пайда болды? (дұрыс жауапқа 100-300 а.б.)
2-тапсырма: Жарнамаға қойылатын талаптар қандай? (дұрыс жауапқа 300-500 а.б.)
Жарнама тұтынушыға бір жаңалық ашқандай әсер етуі қажет;
Жарнама әділ болуы керек, орынсыз жасалған жарнама сенімді жоғалтады;
Жарнама нақты, басқа фирмаларға қатысты әділ болып, өз тауарын мақтап, өзгенікін жамандамауы керек.
3-тапсырма: Жарнама түрлері: (дұрыс жауапқа 300-500 а.б.)
3- Актив студио бағдарламасының кітапханасындағы суреттердегі жарнама түрлерін анықтаңдар.
(дұрыс жауапқа 200-400 а.б.)
4- Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар өздері топпен әзірлеген «Мамандығым-мақтанышым» атты жарнамаларын әңгімелейді.
III. Үйге тапсырма: «Жарнама» сөзіне ребустар құрастырып келу.
IV. Сабақты қорытындылау және бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 184 Kb |
Количество скачиваний: | 27 |