Жасөспірімдердің тамақтану негіздері (Зерттеу жұмысы)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Шығыс медицинасы  тамақтану мәдениетіне айрықша көңіл бөледі.Олар тағамдардың құрамына еттің аз,керісінше көкөніс пен жеміс-жидектердің көп болғанын қадағалайды.Жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністер-адам ағзасын жиналған қождарды(шлактан) арылтып, қажетті дәрумендермен толықтырады. Олар адамның қартаюына жол ашатын, құрамында токсикологиялық заттары бар ет өнімдерін жемеуге кеңес береді.

 

Тиімді тамақтанған адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отыратын болады. Тиімді тамақтанудың мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырудағы маңызы зор. Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған рационы мен режимі емнің бір түрі болып табылады.

Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады. Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі. Кейбір витаминдер , алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды .

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.07 Mb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 122

Похожие материалы