Здесь была ссылка на работу "Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі" 6-сынып автора Ергазиева Эльмира Болатбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Әрбір жасушада сыртқы қабықша-жарғақшасы болатыны мәлім.Ол цитоплазмадан тұрады және жасушаға келіп түсетін,одан сыртқа шығарылатын заттарды үнемі реттеп,тіршілік процесінде үлкен қызмет атқарады. Ядроның да төңірегіндегі цитоплазмадан бөліп,әрі онымен зат алмасуын қамтамасыз ететін қабығы болады.Ядроның іші ядро сөліне (кариоплазмаға) толы.Цитоплазмада пішіні жіп,дән немесе таяқша сияқты әр түрлі болатын митохондриялар болады.Цитоплазмаға сырттан келген күрделі органикалық заттарды жай заттарға ыдыратып,организмнің тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты өндіретін-осы митохондриялар болып саналады.Өзіне тән мөлшері,пішіні бар,дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобын ұлпа дейді.Жануар организміндегі ұлпаларды негізінен 4 топқа бөлуге болады: эпителий,дәнекер,бұлшықет және жүйке ұлпалары. Эпителий ұлпалары дененің сыртқы жамылғысын түзіп ,оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Сөйтіп өзінен төмен жатқан жасушаларды тікелей зақымдаудан, химиялық зиянды заттардың әсерінен, бактериялардың өнуінен,кебуден қорғайды. Асқорыту мүшелерін астарлайтын эпителий қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп,өткізеді. Дәнекер ұлпалары сүйекті,шеміршекті,майды,сіңірді қан,ұлпа сұыйқтығын түзеді.Талшықты дәнекер ұлаплары организмнің барлық мүшелерінде кездеседі. Сүйек ұлпасы тірек қызметін атқарады.Ал шеміршек ұлпалары буынаралық байланыстарға қатысып,қаңқа сүйектеріне беріктік қасиет береді. Қан мен лимфа ұлпалары-сұйық.Олардың ішінде жасушалар еркін жүреді және организмге оттегін, басқа да заттарды тасымалдайды. Бұлшықет ұлпаларының үш түрлі тобы бар.Олар: көлденең жолақты,бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттері.Бұл ұлпалар жиырылып,босаңсу арқылы әр түрлі мүшелерді қимыл-қозғалысқа келтіреді.Сол арқылы бүкіл дененің қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді.