Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.  Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.  Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,WordPad редакторы, флипчарт Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырылуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. 2.Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақ-жауап арқылы 3. Жаңа сабақты түсіндіру. Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішіннен басқа пішінге өзгерту үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.WordPad бағдарламасын іске қосу. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad . Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді. WordPad-та құжат құру. WordPad-та құжат құру үшін , төмендегі негізгі сатыларды орындау керек: 1. Қаріп және оны өлшемін таңдау. 2. Мәтінді енгізу және редакциялау. 3. Мәтінді пішімдеу. 4. құжатты сақтау және ашу. 5. баспаға шығару. Осы сатыларды қарастырайық: 1. Қаріп және оның өлшемін таңдау. есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз. Қаріп түрлерін құрал - саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз. Қаріпті, Өлшемді, Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат-Шрифт (Формат-Қаріп) командасын орындаймыз. 2.Мәтінді енгізу мен редакциялау. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады. Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі: Enter- жаңа жолға көшу Shift-бас әріптерді теру. CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу Backspace - меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру. 3.Мәтінді пішімдеу.  Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады. Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К- курсив, Ч- асты сызылған. Кәдімгі пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам орындалады. Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат-Абзац командасы арқылы да орындауға болады. 1. Құжатты сақтау және ашу. WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін: Файл- Cохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады. Сақталған құжатты ашу үшін: Файл –Открыть командасын орындаймыз. Жаңа құжатты құру үшін: Файл- Создать командасын орындаймыз. 2. Құжаттарды басу: құжатты құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжатты баспаға беру әрекеттері: 1) Файл- Предварительный просмотр (алдын-ала қарап шығу); 2) Файл – Печать. Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 547.11 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 195

Похожие материалы