Жаудың оқ атуы кезінде ату позициясын (атыс жүргізетін орын) қабылдау

Предмет: ОБЖ
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай – ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.

Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.         

 

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін  оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 320

Похожие материалы