Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейту

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Ашық сабақтың тақырыбы: Жай  бөлшектерді  көбейту.

 

Ашық сабақтың мақсаты:

 

Білімділік  мақсаты: Жай бөлшекті  жай бөлшекке көбейту және жай бөлшекті  натурал  санға  көбейтуді  оқып   меңгеру.

 Дамытушылық  мақсаты: Жай  бөлшектерді  көбейту  ережесін және  көбейту  амалының  ауыстырымдылық, терімділік  және  үлестірімділік  қасиеттерін  қолдану арқылы  оқушылардың  ой-өрісін  дамыту.

Тәрбиелік  мәні: Өз  бетімен  жұмыс  жасауға, білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтарда  қолданылатын  әдіс- тәсілдер:Сыни-ойлау  тұрғысы  стратегиялары; Ақпаратты  коммуникативті технологиялар.

                    

Кіріспе  бөлім.

І.Ұйымдастыру  кезеңі  ( топқа  бөлу).

ІІ. Сабақтың  мақсатын, жүру  барысын  айту (дәптерлеріне жаңа  сабақ  тақырыбын  жаздырту.)

ІII. Теориялық  бөлім ( жаңа  сабақ )

 

1. Ой  қозғау ( қызығушылықты ояту.)

Проблемалық  сұрақ: Жай  бөлшектерге  қолданылатын  қандай  амалдарды  білесіңдер? сұраққа   

Б.Б.Ү. (білемін, білгім  келеді, үйрендім) әдісі бойынша  кестені  толтыру  арқылы  жауап  беріледі.

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

 

Тақырыпқа  кіріспес  бұрын  тақырыптың  алдын – ала  даярлық тапсырмасында  оқушыларға  бөлшекті  натурал  санға  көбейтуді  тең бөлшектердің  қосындысы  түрінде  есептеу  үйретіледі. 

 

2. Мағынаны ажырату. Білімпаздар аралының сұрақтары:

1) Жай бөлшектер қалай көбейтіледі?

2) Жай бөлшектерді көбейту кезінде есептеуді жеңілдету үшін алдымен нені орындауға болады?

3) Жай бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?

 

Оқушыларға сұрақтарына жауап  іздеп тақырыпты  жұпта  бір-біріне  оқу, топта  талқылау  ұсынылады. Топта  талқылап  болғанан  соң, әр  топтан бір оқушы тақтада талдап  түсіндіреді

 

1-топ. Жай  бөлшектерді көбейту:  1-мысал:   

Жай  бөлшектерді  көбейту  ережесі  айтылады:

1) алымын алымына көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің алымына;

2) бөлімін бөліміне көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің бөліміне жазамыз.

 

2-топ. Қысқартуды орындау: 2-мысал: 

Жай бөлшектерді көбейту кезінде алдымен бөлшектерді қысқартып алған ыңғайлы.

 

3-топ. Жай бөлшекті натурал санға көбейту. 3-мысал:

 

3. Ой  толғаныс.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықпен  жұптар  арасында  жұмыс  бір-бірлерін  үйрете, талдап  отырып  шығарады. Дайын  жауаптары бойынша интерактивті  тақтада  тексеріледі.

Жаттығулар аралы. №585. “Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкім де айта алмайды”. (Цицерон)

1) Е                             2) И                             3) Ц                             4) О                             5) Н, Р

                                                                                          

Ц

И

Ц

Е

Р

О

Н

 

Тапсырмалар аралы. №587. Тест жазу.

 

Бағалау:

5- «5»

4 - «4»

2-3 - «3»

0-1- «2»

 

1)                 а)     б)      в)

2)               а)     б)       в)

3)             а)     б)      в)

4)                а)     б)      в)

5)                 а)       б)      в)

 

Сұрақ

1

2

3

4

5

Жауап

в

б

а

б

а

 

Қорытындылау. Жағалау:  Ой  толғаныс  кезеңі бойынша, сабақты  бекіту  мақсатында  ББҮ  кестесінің 3-ші бағаны  Жаңадан  не білдіңдер?, Не  үйрендіңдер?  сұрағын  қою  арқылы толтырылады.

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

 

Үйге  тапсырма:  №586, 593 беріледі.

 

   

“Бүтінге келсең жұлынып,
Алдыңа еш жан салмасаң,
Бөлшекке келсең бұғынып,
Жауабын таба алмасаң,
Есепке мықты демелік,
Бөлшекке көңіл бөлейік”
                                Л.Ф.Магницкий

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.92 Mb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 145

Похожие материалы