Жаңылтпаштар, жұмбақтар. Қазақ тілі 7 сынып

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн Ә.Диваев, М.Ф.Гаврилов жазбаларынан кезiктiремiз. Кейiнгi кезеңде жаңылтпаштар балаларға арналған мерзiмдi басылымдар да жиi жарияланып, жеке кiтап та болып басылып шықты. «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тiл келмейтiн, иә тiл басқа сөз қылып бұзып кететiн сөздердiң басын құрап, келiстiрген шығарма жаңылтпаш деп аталады», – деп дәйектейдi алғаш рет оның ғылыми анықтамасын А.Байтұрсынов. Жаңылтпаштардың ғылыми маңызына алғаш рет назар аударған адамның бiрi – С.Сейфуллин едi. «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкi «дүкенiн» құрған орында айтылатын айтыстың бiрi – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрiздi жастардың, балалардың тiл ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздердi қақпақылша атқылап, билеп еркiн сөйлеуге төселулерiне өз әлiнше әдемi сабақ, тәжiрибе болатын ойын [109, 253 б.], – деп жазады ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиетi» атты зерттеуiнде. Кiтапта зерттеушi жаңылтпаштың тәрбиелiк мәнi мен атқаратын қызметiн айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегi емес, ол – көбiнесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуiне дағдылануына үйрететiн өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-бiрiмен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тiл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейдi, жаңылтпаштағы сөздер дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естiлiп, күлкi де туғызады. Мәселен: Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па? деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса, Ақ таяқ па? Қара таяқ па? болып мағыналық жағынан мүлде өзгерiп кетедi.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.06 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 252

Похожие материалы