Жазудың жалпы даму тарихына шолу

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Жазудың тарихына қатысты шетелдік тіл білімінде біраз еңбектер аз емес. Атап өтсек, В.А.Истриннің «Возникновение и развитие письма» (Москва, 1965), «Развитие письма» (Москва, 1961); Д.Дирингердің «Алфавит» (Москва, 1963), И.Фридрихтің «История письма» (Москва, 1979),; И.Е.Гельбтің «Опыт изучения письма» (Москва, 1982) сынды еңбектер. Жоғарыда аталып өткен еңбектерге сүйене отырып, жазудың даму тарихын эволюциясын тануға тырысайық. Қазақ тіліндегі еңбектерде сирек кездесетіндіктен әдістанымдық негіз ретінде жазу тарихына шолу жасаудың қажеттілігі бар деп білемін. Қоғамдағы адамның мәні өз ойын сыртқа шығару қабілеті мен өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеті арқылы ерекшеленеді. Біріншісі, жеке-дара қасиеті болса, екіншісі, әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін ән айту, өлең шығару, сурет салу, мүсін жасау сияқты қоғамдық шартты құбылыстар арқылы білдіреді. Тарихқа көз жүгіртсек адам қоғамсыз өмір сүре алмағын. Сондықтан қоғам болып бірлесіп қабылданған бейнелер арқылы өз ойын, сезімін сыртқа шығарудың жолдары көбейе түсті. Жазу сурет өнерінен бөлініп шықты. Ол қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Айнала қоршаған ортадан көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларын, сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – «жазу», көнескандинавиялық rita – «керту», «тырнау» деген мағына береді)
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.19 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 95

Похожие материалы