Жемістер

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру саласы: Таным, денсаулық, қатынас Қорытынды ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Қоршаған ортамен таныстыру. Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру, түстер мен пішіндерін ажыратуға үйрету, денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру. Еңбексүйгіштікке, шапшаңдыққа, тазалыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту. Білім салаларының Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу,түсіндіру,ойын сергіту,күтпеген сәт. Көрнекіліктер: жемістер, себет Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы           Ізденуші-ұйымдастырушы                                                                                                             Рефлексивтік-коррекциялаушы Сергіту сәті. Алма баққа барайық Алма теріп алайық Ең үлкенін дәмдісін Анамызға сыйлайық Күтпеген сәт. Топ бөлмесіне себеті бар дәрігер апай келеді. -         Сәлеметсіз бе? Дәрігер апай, келіңіз, кіріңіз. Балалар, қане дәрігер апайымызбен қонақтармен амандасайық. -         Балалар, бізге дәрігер апай себетпен келіпті. Бұл себеттің ішінде не бар екен? -         Ашып қараймыз ба? Ішінде жемістер бар екен. Балалар біз жемістерді алдымен жуып жеуіміз керек. Анамыз дүкеннен немесе базардан жемістерді жегенде жуып жиіміз. Дәрігер апаймыздың әкелген жемістерінің дәмін көрейікші. Балаларға кесілген жемістерді тарелкаға салып алдарына қоямыз. -         Мынау қандай жеміс? -         Дәмі қандай? -         Түсі қандай? -         Пішіні қандай? Балалар жемістер дәрумендерге бай, денсаулыққа пайдасы көп. Біз жемістерді көп жесек ауырмай үлкен болып өсеміз. Біз жемістерден жеміс шырынын аламыз. Балалар, жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді. Біз оларды енеміз, суарамыз, баптап күтеміз. Піскеннен кейін жинаймыз. Ойын: «Бөлігін тап» Балалар, мен тақтаға бөлінген жемістерді орналастырдым. Осы бөлінген жемістердің бөлігін тауып құрастырайық. -         Балалар, қазір жылдық қай мезгілі? -         Ауа-райы қандай? Балалар, көктем мезгілінде бау бақшаға жемістерді егеміз. -         Міне, мына жерде көптеген жемістер тұр. Мен сендерге себет беремін. Сол себетке кім көп жеміс жинап алады екен. Содан соң жинаған жемістерді және жеміс шырының ішеміз. Ойын: «Жемістерді жинау» Енді, балалар келген қонақтармен, дәрігермен қоштасайық. Себеттегі жинаған жемістерді жуып жейміз.     Балалар, сергіту сәтін іс-қимылмен орындайды.                   Балалармен амандасады.                                                                               Балалар, жылдамдықпен жемістерді жинайды.             Балалар, қонақтармен қоштасып жинаған жемістерін жейді. Күтілетін нәтиже: Біледі: Жемістердің түрлерін Үйренеді: Жеміс атауларын, дәмі мен пішінін ажыратуды үйренеді. Игереді: Қоршаған орта туралы түсініктері мен қарым-қатынас дағдыларын иегерді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.05 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 269

Похожие материалы