"Жігіт сұлтаны" тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының жоспары 2(сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Амиртаева Мейрамкуль Нурмухановна
|
2-сынып
Тәрбие сағаты:"Жігітсұлтаны"
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 2 «Б» сынып оқушылары
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.Бұл сайысты алда келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен байланыстырып отырмыз.Яғни біздің болашақ Отан қорғаушыларымызға арнаймыз.
Адина:
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Сен қазақтың ұланысың , ерісің.
Жанель:
Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!
Еркеназ:
Тыныштық – баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілікке таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
Саида:
Қадамыңыз құтты болсын, Жас ұлан!
Бақ кетпесін халқымыздың басынан,
Ұлтың үшін адал болсын әрдайым,
Табылыңдар игі істердің қасынан!
Жанеля:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Айым:
Білімді - көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!
Ән: «Қазақ жігіттері»
Дильназ:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Мұғалім:
Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық. (3 адам)
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы тоғыз жігіт өз өнерлерін көрсетпек.
1.Шыр етіп туысымен адам болды,
Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қонды.
Тобықтай тұла бойда бір міні жоқ,
Жігіттер сайысына Асхатта міне, келіп кірді.
2.Қуантады білімімен бізді Темірлан
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
3. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Нұрасыл
Көрінген күштің басынын
4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Алимансур.
5.Өлшеу жоқ өнерінің табысына,
Өріске ойдағыдай барысына.
Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,
Көрсетер үздік өнер Оспан алда.
6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Дидар.
7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Алинұрмұстафа
8. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Хақназар.
9. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол Дінмұхаммед.
Мұғалім:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы.
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
V бөлім «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу
1-кезең. Таныстыру
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың
І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» кезеңінің бағасын есептей отырыңыздар.
Би: «Бипыл»
2 - кезең. Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
(2-кезеңнің бағасын шағара отырыңыздар)
3 - кезең «Білгенге маржан»
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей сұрақ – жауап кезеңін бастайық.
(қағаздарды таңдап алады)
1 – кеспе қағаз.
1. Қазақтың үш биін ата?
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Жұмбақ.
Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
2– кеспе қағаз.
1. Сәби баланың төсегін ата.
2. Наурыз көже қалай жасалады? Тағамның қандай түрлері қосылады?
3. Жұмбақ
«Естіртпе»- деп ине – жіптің күңкілін,
Бүтіндейді қағаз, кітап жыртығын. ( желім)
3– кеспе қағаз.
1. Түйенің сүтін ата.
2. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
3. Жұмбақ.
Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын. (ине-жіп)
4– кеспе қағаз.
1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
2. Сөз таптары нешеге бөленеді? Қандай?
3. Жұмбақ.
Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол, кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (киіз үй)
5– кеспе қағаз.
1. Ұлттық тағамдарды атап бер.
2. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады?
3. Жұмбақ.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түкенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
6– кеспе қағаз.
1. Сөйлем түрлерін ата?
2. Тұсаукесер дегеніміз не?
3. Жұмбақ
Қатар - қатар тісі бар,
Өзіне тән ісі бар. (қол ара)
7– кеспе қағаз.
1. Сөз құрамы дегеніміз не?
2. Сүттен жасалатын тағамдар түрлерін ата.
3. Жұмбақ
Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын. ( балта)
8– кеспе қағаз.
1. Қазақтың ойын түрлерін атап бер.
2. Мәтін түрлерін ата?
3. Жұмбақ.
Сегіз тарам қайыстан,
Өрімі бар бұзау тіс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс. ( қамшы)
9– кеспе қағаз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 85.5 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |