Қ.Жұмаділов "Қаздар қайтып барады" әңгімесі

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың өтілетін күні

пәні

сыныбы

Өткізетін мұғалім

19. 03.2014 жыл

Қазақ әдебиеті

8«А»

Тулегенова Жазира Кудайбергеновна

Сабақтың тақырыбы

Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі:

А) Білімділік: Қ.Жұмаділовтің өмір жолымен шығармашылығы туралы толықтүсінік қалыптастыру. «Қаздар қайтып барады» әңгімесін зерделей оқи отырып, мазмұнын ашу. Ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы негізгітірек сөздердің сырын ашу, қажетті дәйектермендәлелдей білу.

Ә) Тәрбиелік: Оқушының туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру

Б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыланды ру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсен ділігін арттыру;

Дәстүрлі емес

Аралас

Оқыту нәтижесі

Әңгіме мазмұнын өз беттерінше өзектендіре алады;

Жеке,топтық жұмыстар нығаяды;

Оқушылардың қызығушылығы артады;

Сабаққа белсенді қатысады;

Бірін – бірі, өзіндікбағалауға дағдыланады.

Түйінді идеялар

«Туған жерде жүрсең, өз анаңның қолында ұйықтағандай сезімде боласың»

Әдіс-тәсілдер

СТО, АКТ,кері байланыс, баяндау, талдау,пікір алысу, қорытындылау

Сабақтың мазмұны

Уақыт

(минут)

Ресурс тар

Рольдік ойын (үлестірме парақ шалар)

Дана ның ойы

Блум таксономиясы

Мұғалімнің іс-әрекеті

І Ұйымдастыру

1.Амандасу тренингі

«Атамекен, туған жер, Отан, елім» сөздерін байланыстырып мақал- мәтелдер тізбегін айту сұралады.

2. Топқа бөлу

Баяндаушы, зерттеуші,сілтемеші,сұрақ құрастырушы, бейнелеуші –суреттеуші.

Үй тапсырмасын тексеру:

Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драма лық шығарманың тарихи шындығы

Актуальдау:

Т. Молдағалиев пен Т. Базарбаевтың «Қаздар қайтып барады» әні орындалады. Ой қозғау.

Қызығушылығын ояту
Жаңа тыңдалған әннің бүгінгі сабағымызға қандай қатынас бар?
Шығарма кейіпкерімен қаздың ара қатынасын да қандай байланыс бар?
-Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қол таңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.

Мағынаны тану

Жазушы жайында замандасы Әкім Таразы былай деді:
- Қабдеш өмірбаяны біздің ешқайсысымызға ұқсамайтын. Себебі ол Қазақстанда емес, сонау Шығыс Түркістанда, қаймағы бұзыл маған көшпенділер ауылында дүниеге келді, өсті. Бір елде туып-өсіп, есейген шағында атажұртына келіп, сол ел туралы шығарма жазды. Оған табиғи талантымен қоса өмір тәжірбиесі көмектесті. Ел-жұрттан, атамекен нен жырақта жүрген қандастарының асыл арманы жазушының «Қаздар қайтып барады» деп аталатын әңгімесінде өрнектеледі.
Мағынаны ажырату
«Кубизм» стратегиясы
1. Баяндаушы- Әңгіменің мазмұнымен танысу.
Мәтіннің жоспар –кестесі бойынша мазмұнын айту.

2. Зерттеуші- басты кейіпкерді әр қырынан талдау
Концептуалдық кесте толтырып,көмекшікарта ретінде қолдану.
3. Сілтемелер табушы- Әңгімеде кездесетін жер-су, тау аттарын теріп жазыңдар.

4. Сұрақтар құрастырушы-Блумның сұрақ қою өлшемдері негізінде ? әзірлейді.

5.Оқушылар шығарма бойынша сурет салып, таныстырады.
Сергіту сәті:

Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні

Ой толғаныс:
Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыра ған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Назарымызды соған аударып көрейік.

Ал, әлемде өз қандастарын еліне оралтуға жағдай жасап отырған мемлекеттерді білеміз бе?
Олар: Қазақстан, Германия, Израйль

Рефлексия:

Білемін. Білдім.Білгім келеді.
Үйге тапсырма:
1. « Туған жердей жер болмас» -эссе жазу.
2. Рафт стратегиясы бойынша ойтолғаныс
Рөл- кезкелген рөлге ену
Аудитория – тыңдарман, оқырман қауым
Форма – хат, монолог, өлең, өсиет, әңгіме
Тақырып – туған жерге деген сағыныш
Бағалау:Әрбір қатардағы топбасшы өз қатарластарын бағалайды. Тақтада берілген бағалау парағына бағасын қояды.

Оқушының іс-әрекеті

Сынып оқушылары шеңбер құрып бір-біріне мақал- мәтелдер тізбегін айтады.

Өз таңдаулары бойынша парақша алып,топтасып отырады.Топ басшысын сайлап, семантикалық картатолтыруға мүмкіндік береді.

Оқушының ойы, пікірі тыңдалады

Құстар жылы жаққа ұшып кеткенімен, өз мекеніне қайта оралады. Сол секілді шығарма кейіпкері қанша жырақта жүрсе де өзінң кіндік қаны тамған жерін аңсап, жеткенше асығады.

Оқушылар өз тобымен ақылдаса келіп ,бір шешім айтады.

Жоспар:

1. Жолға шыққан жалғыз жолау шы
2. Етікші асуындағы қиындық
3. Көкжалмен айқас
4. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп…
5. Мұнар арасынан жылтылда ған бір сәуле
6. Аңсаған атамекенде

Етікші, Тарбағатай, Күргейтас, Тентек-Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты, Көкшілік, Нұра.

Иранда 12 000
АҚШ-та 14 000
Ресейде 740 000
Украинада 15 000
Моңғолияда 100 000

Түркияда 25 000Қырғызстанда 45 000
Өзбекстанда 1 550 000Қытайда 1 500 000
Тәжікстанда 10 000

Бүгінгі сабақтан алған әсерін байланыстыра жазу не ауызша баяндау.

Байтасқартқа хат жазу.

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 857.16 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 244

Похожие материалы