Жоба тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының «Қазақ тілі» және «Ана тілі» сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

 

Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

5 жолды өлең:

Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын

II тапсырмаӨсімдік пен жануарлардың байланысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІІ-тапсырма

— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)

4-тапсырма

ББҮ кестесі (кез келген тақырып)

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не үйрендім?

 

 

 

Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Ана тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттырудағы түрлі әдіс-тәсілдер:

1.     Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

2.     Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

3.     Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

4.     Мәтін бойынша мақал құрастыру.

5.     Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

6.     Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

7.     Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

8.     Өлең, мақалдар құрастыру.

9.     Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

10.                       Кейіпкерге мінездеме беру.

11.                       Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

12.                       Рөлге бөліп оқыту.

13.                       Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

14.                       Диалог-ертегі.

15.                       Образға кіру.

 Шығармашылықтапсырмалар:образғакіру, талдаужәнеқиялдау, суырыпсалмаақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдарқұрастыру.

І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдерін дамыту.

ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

— Екі бала жайында не айтасыңдар?

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Жантас

Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады

Қожа

Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын

 

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)

— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.

— Қожаның ісіне қуандық.

— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?

— Кездескенде не деп айтар едіңдер?

— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

— Қандай сурет салар едіңдер?

— Қалай мүсіндер едіңдер?

Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»

Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

Мысалы «Жаңбыр ойыны»

Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.

Мұғалім

Оқушы

Жаңбыр жауды

Далаға

Жаңбыр жауды

Қалаға

Жаңбыр жауды

Ауылға

Жаңбыр жауды

бауға да

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)

ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

1.     Суреті бар, хабарлайды,
Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)

2.     Жерге түсірсең, секіреді. (доп)

3.     Бізге жарық береді,
Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)

4.     Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)

5.     Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)

Мақалдар

1.     Еріншек болсаң,
Наның жоқ.
Еңбекқор болсаң,
Қарның тоқ.

2.     Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.

3.     Бір сәттік бақытқа,
Алланы ұмытпа

Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Су түбінде асыл тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы

Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе… бет келген кезде жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында іске асады.

Мәтіннен үзінді оқып беріп, ары қарай өздерің аяқтаңдар деген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындайды. Пән аралық байланысты жүзеге асыру да сабақ барысында жүргізіліп отырады. «Қыз Жібек» жырымен танысқан соң, жырдағы теңеу сөздерді қатыстырып, қазақ тілі сабағында ертегі құрастыруға болады.

 Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой… қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды.

Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:

1.     Бұл… піл, бұл ірі піл.

2.     Шеше, шеше,

Неше кесе Сынды кеше?

Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді.  

 

Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал… мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығыескертіліп, әр жануардың қасына:

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам… ормансыз бұлбұл.
Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.
Ел іші… алтын бесік.
Отан… оттан да ыстық.
Бірлік түбі… береке

Осы мақал-мәтелдерге байланысты шығарма, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Тіл дамыту сияқты проблемаларды да шешуге көмегін тигізеді, шығармашылыққа баулиды.

Оқытудың жаңаша мазмұны барлық пәндерде қолданылатын көрнекі құралдарға, олармен жұмыс істеуге де жаңаша талаптар қояды. «Соңғы алма» сюжетті суреті бойынша әңгіме құрастырып жазуға тапсырма бердім. Мұрат бақтың ішімен келе жатып, ағашта қалып қойған бір жалғыз алманы көріп қалды...

 

Ары қарай не болуы мүмкін? Оны өздерің аяқтап жазыңдар», — деген проблеманы алдарына қою «Соңғы алма» тақырыбына оқушыларға әңгіме құрау. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 258.5 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 168

Похожие материалы