"Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік" тақырыбында ашық сабақ
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кабдулов Мирас Мутиголлиевич
|
Жол тәртібін білейік,
аман – есен жүрейік.
Мақсаты:
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, жол белгілері салынған суреттер, жұмбақтар, жол белгілеріне арналған кітапшалар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» атты іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
2-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп-
Ол ортақ
Үлкен- кіші баршамызға!
1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған.
Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
1. Ескерту белгілері
2. Басымдық белгілері
3. Тыйым салу белгілері
4. Міндеттеу белгілері
5. Ақпараттық- көрсеткіш белгілері
6. Қызмет көрсету белгілері
7. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар)
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындығынан хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.89 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |