«Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама» биология пәнінен 7 сынып сабақ жоспары.

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бүгінгі танысқалы отырған жануарларымыздың тіршілігі ерекше, олармен көптеген аңыз ертегілер өрбіген, оларды ;

-гипноздық көзқарас иесі, Жылан

-ұзақ жасайтындар, Тасбақа

-өте қатыгез, Коркодил

-жылдам, әрі жылпы , Кесіртке

-тез құбылатын , Құбылғы

- тірі қазба, Гаттерия

- медицинаның символы

Бұлар қандай жануарлар?

Неліктен жорғалаушылар деп атайды?

ІІ Түсіну.

Жер тарихы бірнеше миллион жылдарға созылғаны мәлім. Сонау ылғалды климатты таскөмір кезеңінен кейін , құрғақ пермь кезеңі басталды. Бұл климат қосмекенділерге қоласыз, ал жорғалаушыларға тез бейімделуге мүмкіндік туды?

-Қалай ойлайсыздар қандай құрылыс ерекшеліктері олардың тіршілігін сақтап, қазіргі заманға дейін жетулеріне мүмкіндік туғызды?

( гауһарлар иерархиасы)

Жорғалаушылар- құрлықта тіршілік ететін, салқын қанды алғашқы омыртқалы жануарлар. Қозғалу түрі: жорғалау. 8000 түрі белгілі, дене тұрқы әртүрлі, құрлықта, суда және жер астында тіршілік етеді.

Электрондық оқулықтан тыңдау.

Жорғалаушыларды зерттейтін зоология бөлімі герпетология деп аталады. Ал рептилийлерді зерттейтін мамандар герпеологтар деп аталады. Бүгін біз герпетологтар ретінде жорғалаушыларды зерттеп көрейік.

«Айналмалы бекеттер» әдісі

1-топ: Жорғалаушылардың сыртқы құрылысы

2- топ: Жорғалаушылардың қаңқасы.

3-топ: Жорғалаушылардың ішкі мүшелері. ( асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәр шығару)

4- топ: Сезім мүшелері мен көбеюі.

Оқушылардың шығармашылығы:

Түлеу-

Регенерация –

( бейнероликтер көрсету)

ІІІ Қолдану .

1-топ. Дискуссиялық өрнек.

Мазмұны

иа

жоқ



5 бөліктен құралған.

Өкпе.

Қарын

Көз құлақ, танау.

3 қуысты жүрек.

Асқорыту мүшесі

+

Тыныс алу мүшесі

+

Сезім мүшелері

+

Қанайналым мүшесі

+

Қаңқасы

+

4. топ. Жуан және жіңішке сұрақтар

Жуан сұрақтар

Жіңішке сұрақтар

«Жұмыртқадан жылан да шығады, қыран да шығады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жорғалаушыларға нелер жатады?

Саламандра, крокодил, анаконда, тасбақа, абжылан. Бұл жинақта қай жануар артық? Неліктен?

Кейбір жыландар тірі туатындығына келісесіз бе?

Медицина эмблемасына неліктен жылан бейнеленген?

Күрделі қозғалыс әрекеттеріне байланысты дамыған ми бөлімі.

Сергіту сәті: Көңілді күн.

ІY Талдау. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

1 топ: Бірде жас археолог қатты шаршап далада ұйықтауды жөн көрді. Таңертең ол кеудесінде бірнәрсенің жатқанын сезеді.Бұл дала жыланы болатын. Археолог жыланды жайлап түсіріп жібереді. Неліктен жылан ұйықтап жатқан адамға келеді?
(Жауап: Жыланның дене температурасы тұрақты емес. Адамда температура тұрақты сақталады. Жыландар өздерінің жылу сезгіш органдары – термолокаторы арқылы жылудың қай жақта екенін сезеді. Тәуліктің салқын кезінде олар адамдардан жылу іздеуі мүмкін.
2 топ: Көптеген рептилийлер ұрпағына қамқорлық жасамайды. Бірақ кейбір ірі жыландар жұмыртқасын ұрпағы жарып шыққанша шеңбер жасап бағып жатады. Бұл уақытта үнемі бұлшық еттері жиырылып тұрады. Жыланның бұл әрекетін қалай түсіндіресіңдер?


(Жауап:Бұл тек қорғау мақсатында ғана емес. Бұлшық еттер жиырылған уақытта жұмыртқаны жылытатын жылу бөлінеді.).
3 топ: Бірде күздің салқын күндерінде Вьетнамнан Ресей зообағына 24 айдаһар әкелінді. Жануарларды қабылдап алған маман әр айдаһарды қолымен ұстап қарап алды. Жыландардың қауіп төндірмегеніне қарап, әкелушілер зоолог жыландарды гипноз арқылы ұстады деп есептеді. Айдаһардың қылығын сендер қалай түсіндірер едіңдер?
(Жауап: Әңгіме гипнозда емес. Айдаһардың белсенділігінің төмендігі сыртқы ортаның төмен температурасымен байланысты, себебі, жыландардың дене температурасы сыртқы ортаға байланысты.
4 топ: Тышқанды аңдып отырған жылан секіріп барып жемін тістеп алды, бірақ оны ұстап тұрмай жібере салды. Мұны қалай түсіндіруге болады?
(Жауап: жылан удың тарауын күтеді. Ол өзінің дайын болған жемін арнайы терморецепторы арқылы иісінен айырады)

№8. Зертханалық жұмыс.

Жорғалаушылардың сыртқы құрылысын бақылау.

Мақсаты: нағыз құрлықта тіршілік ететін жануар ретіндегі кесірткенің сырт құрлысы

ерекшеліктерін анықтау; оларға түсінік беру.

Құрал - жабдық пен материалдар: Суреттер, препараттар , қаңқасы, сапты ұлғайтқыш әйнек.

Жұмыстың реті және нәтижесі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 780 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 271

Похожие материалы