ЖҚТБ-ғасыр дерті

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тәрбие сағатының тақырыбы : ЖҚТБ - ғасыр дерті

Бағыты : ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ҚОРҒАУШЫ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған
кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру.
Тәрбие сағатының түрі : топтық

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері : топтастрыу,салыстыру,ізденушілік

Барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды сабаққа жігерлендіру,топқа бөліну

2. Әр топтың жұмысын бөлу

І топ «ЖҚТБ туралы мәлімет» береді

ІІ топ «ЖҚТБ-ның »

ІІІ топ «ЖҚТБ-дан сақтану жолдары»

ІV топ «Салауатты өмірді насихаттау»

Кіріспе сөз :

Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! 7 А сыныбының «ЖҚТБ-ғасыр індеті» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер !

1 желтоқсан дүниежүзілік СПИД –пен күрес күні.Осыған мектебімізде «ЖҚТБ-ғасыр індеті» атты айлық жүріп жатыр.Осы айлықтың аясында бізде осы сырқат түрі туралы өзіміздің білетінімізді ортаға салып ой бөлісу үшін ашық тәрбие сағатын ұйымдастырып отырмыз.

Ø Көрініс : «Дертке шалдыққан жастың монологы»

Ø Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Ø Постер қорғайды

АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығьның қоздырғышы (АҚТҚ) (Ауру)
ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) (ӨЛІМ)
♦ Қан арқылы (тікелей қан құйғанда инелерді ауыстырмай бірігіп пайдаланғанда)
ЖҚТБ қандай жолмен жұғады?
♦ Ауру ананың сүті арқылы;
♦ Ауру әйелден туылған балаға;
♦ Жыныстық жолмен жақындасқанда бір адамнан екінші адамға жұғады.
Аурудан қалай сақтанған жөн?
♦ Шаныштыру кезінде ине пайдаланғанда;
♦ Қан құйғызғанда;
♦ Бейберекет жыныстық жолмен жақындыққа бармай, сақтанған дұрыс.

АҚТҚ тарау жолдары:
Құрамында АҚТ қоздырғышы бар қан арқылы:
Сондай қанды құйғанда;
Егу кезінде сондай қанмен ластанған шприцті пайдаланғанда;
Сондай қанмен ластанған басқа да өткір, теріні кесетін не тесетін құралдарды пайдаланғанда.

АҚТҚ - ны жұқтырып алған адам:
Алғашқыда аурудың белгілерін сезбейді;
Дені сау сияқты болады;
Өзінде бар қоздырғышты басқаларға жұқтыра алады;
2 - 10 жыл бойы сау болуы да мүмкін.

ЖҚТБ - ның басты ықтимал белгілері:
Дененің қызуы (бір айдан аса);
Жүдеп, салмақтың азаюы (дене салмағының 10%- нан аса);
Іштің өтуі (бір айдан аса)

ЖҚТБ толық жетілгенде:
Қоздырғыштар қатты көбейеді;
Қорғаныш жүйесі жойылады;
Адам ауыр науқастарға шалдығады;
Осы аурумен ауырады;
Ақырында адам қайтыс болады.

АҚТҚ қалай берілмейді?
o жөтеліп немесе түшкірген кезде ауамен;
o тамақ, су арқылы, қол алысқанда;
o тер немесе көздің жасы;
o жүзу бассейнінде, моншада;
o ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек және аяқ киім арқылы;
o құшақтасу және сүйісу арқылы жақындасқанда;
o жәндіктер шаққанда т. б.

ЖҚТБ – пәле, күресейік, бәріміз!

ЖҚТБ – менен бұрылмасын жанымыз бен тәніміз

Қазақ деген батыр, халық емес пе?

Жат әдетсіз бүлінбеген сәніміз.

Қорытынды :

Денсаулық – шексіз бақыт, халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа
Қолда барда біл оның қасиетін,
Күтіп, баптап, аяла әр уақытта

Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.38 Kb
Количество скачиваний: 58
Просмотров: 279

Похожие материалы