Жылу беру түрлері.Жылу өткізгіштік Конвекция

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Күні 11.09.2013 ж Сынып 8 Сабақ тақырыбы: §§5.6. Жылу берілу түрлері. Жылу     өткізгіштік.Конвекция. Сабақ мақсаты: 1.     Жылу берілу,  жылу өткізгіштік, оның мәнісі, конвекция және оның жылу өткізгіштен айырмашылығы туралы түсінік беру. 2.     Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру. Ой-өрісін қалыптастыру. 3.     Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон, видеокассета, жылу өткізгіштік пен конвекция құбылыстарын демонстрациялауға арналған аспаптар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. 1.     Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не? 2.     Оны өзгерту тәсілдері қандай? 3.     Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты? 4.     Жылу алмасу дегеніміз не? 5.     Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме? ІІІ. Жаңа сабақ. Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады. (видеофрагмент арқылы тәжірибелер демонстрацияланады). Әр түрлі заттар жылуды әр түрлі өткізеді. (тәжірибе көрсету).       Конвекция дегеніміз-сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі. (видеофрагмент арқылы тәжірибелер демонстрацияланады). Қатты денелер мен вакуумда конвекция болмайды. Сұйықтарда болатын конвекцияны демонстрациялау.     ІV. №3-эксперименттік тапсырма. Металл мен ағаштың жылуөткізгіштігін салыстыру. V. Жаттығулар орындау. 2-жаттығу. 3-жаттығу. VІ. Қорытындылау. VІІ. Бағалау. VІІІ.Үйге тапсырма §§5.6 . №3-үйде орындалатын эксперименттік тапсырма. №4-үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 88.42 Kb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 136

Похожие материалы