Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі

Мақсат:

Білімділік мақсаты:

Жылу қозғалтқышының жұмысы кезіндегі ішкі энергияның механикалық энергияға айналу арқылы жүйеде энергияның сақталу және түрлену заңының орындалуына көз жеткізу. Тұйықталған цикл бойынша кезекпен өтетін процесстерді талдау кезінде жылу қозғалтқыштарының периодты және үздіксіз жұмыс істеу үшін қажетті шарттарды айқындау.

Дамытушылық мақсаты:

Әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан – жақты дамуына мүмкіндік тұдыру, оқушының өзіндік іс-әрекетін дамыту, шығармашылық жұмысына жағдай жасау.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың сабаққа қызығуын, ынтасын, ізденімпаздақ, белсенділік қабілетін дамыту, шыдамдылыққа, әдемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Конференция сабағы

Сабақтың әдісі: Баяндау, демонстрациялау, топтық, проблема тұғызу, ой шақыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, биология.

Сабақтың көрнекілігі: Іштен жану қозғалтқышы, төрт цилиндрлі іштен жану қозғалтқышы, Герон шары, схемалық салулар, галымдардың портреті, интерактивтік тақта.

Оқыту технологиясы:

Оқушы білімін кеңейтуге және терендетуге жағдай жасау. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы.

Сабақтың типі: мәліметтерді анықтау жолында іздену, тереңдету, нақтылау, білім қорын дамыту, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Конференция түрінде өтілетін сабақтың мазмұнымен таныстыру.

3. сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

1- топ: XVIIғасырдағы жылу машинасы тарихынан

2- топ: XVIIIғасырдағы жылу машинасы тарихынан

3- топ XIXғасырдағы жылу машинасы тарихынан

4- топ: XXғасырдағы жылу машинасы тарихынан

4. Сабақты қорытындылау.

5. Үйге тапсырма беру.

6. Бағалау.

I. Ұйымдастыру.

II. Сабақ мазмұнымен таныстыру.

Адамдар ең бірінші адам еңбегін жеңілдететін судың ағысы мен желдің екпінімен жұмыс істейтін қозғалтқыштар жасады. Кейін кез-келген жерде, жылдың кез келген мезгілінде, салмағы мен көлемі шағын болатынг өзінде тұрған энергия көзімен жұмыс істейтін қозғалтқыш жасауды ойластырды. Бұл жылу қозғалтқышы еді. Жылу қозғалтқыштарының өмірге келуі оңай болған жоқ. Әр елдің өнертапқыштары оларды жасап шығару үшін еңбек сіңірді. Бұл жолда толық жатқан жеңістер де, жеңілістер де болды. Бірақ олардың әрқайсысы жаңа қозғалтқыш жасауға азды көпті үлес қосты. Бұл қозғалтқыштың пайда болуы адам баласының өміріне үлкен өзгерістер алып келді. Жылу қозғалтқыштарынсыз осы күнгі адам өмірін, келешектегі тіршілігін елестету мүмкін емес. Олай болса, тарихы дөңгелегін кері шегіндіре отырып, жылу қозғалтқыштары тарихына, әр кезеңдегі жаңалықтарға тоқталамыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 47.5 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 165

Похожие материалы