«Жыртық кітап жылады» Ө. Тұрманжанов. Әдебиеттік оқу. 4-сынып.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
-Әңгім кітап туралы болғаннан соң, бүгін біз Ө. Тұрманжановтың  «Жыртық кітап жылады» деген мысал өлеңімен танысамыз.   Автор өміріне қысқаша тоқталып өту,      Ө.Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Тәшкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927-ЗОжж.). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын баскарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. КдзПИ-де профессор міндетін атқарады. Кейін Казақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті», »Әдебиет майданы», «Жұлдыз» газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935-37жж.) болды. Саяси куғын-сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі кызметін аткарған. Тұнғыш жинағы «Таң өлеңдері» (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - »Қошан кедей», 1929 жылы - «Таң сыры» т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. «Казақтың макал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.57 Kb
Количество скачиваний: 35
Просмотров: 182

Похожие материалы