Кальций және оның қосылыстары.
Предмет:
|
Химия
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Асыкбаева Несипхан Бишеновна
|
Здесь была ссылка на работу Кальций және оның қосылыстары. автора Асыкбаева Несипхан Бишеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Күні: Пәні: химия Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Кальцийді танып білу және атом құрылысы, қасиеттері, периодтық жүйедегі орны, ашылу тарихы, табиғатта таралуы, алынуы, жайында мәлімет беру. 2. Тәрбиелік. Кальций, атом құрылысы, қасиеттерін түсіндіре отырып, оқушыларды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, металдарды тиімді пайдалануға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық. Кальций, атом құрылысы, қасиеттерін түсіндіре отырып, Химия пәнінен алған білімдерін жетілдіру, өз бетінше іздену қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа материалдарды меңгеру Сабақтың әдісі: түсіндіру, есеп шығару, сұрақ жауап. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеев кестесі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу 2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру 3. Оқушылар назарын сабаққа аудару ІІ. Оқушы білімін «Кім жылдам?» сұрақтары арқылы тексеру: 1. Кендер деп нені айтады? 2. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім? 3. Жемірілу (коррозия) деген не ? 4. Металдар периодтық жүйеде қай топтарда орналасқан? 5. Периодтық жүйедегі 110 элементтің нешеуі металдарға жатады? 6. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын ұсынған ғалым? 7. Ең оңай балқитын металл? 8. Түркістан жеріндегі әйгілі Тайқазанның құрамында қандай металдар кездеседі? 9. Ең қиын балқитын металл? 10. Қанның құрамында кездесетін металл? 11.Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендіріек металдармен тотықсыздандыру әдісі? 12. Негіздік оксидтерді ата? 13. Металдардың физикалық қасиеттері? 14. Ең ауыр металды ата? ІІІ. Жаңа түсінік беру. Кальцийдің периодтық жүйедегі орны: Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы И.Дэви ашты. Кальций - IV период, II топтың негізгі топшасында орналасқан сілтілік металл. Реттік нөмірі 20, ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар. Ar =40. Кальцийдің электрондық формуласы 1s22s2 2p6 3s23p64s2. Валенттілік электрондары 4s2болғандықтан кальций қосылыстарында II валентті, тотығу дәрежесі тұрақты +2 – ге тең. Табиғатта таралуы: Сілтілік жер металдардың табиғатта кең таралғаны кальций, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 3,6%, ал мөлшері бойынша 5 – орын алады. Адам ағзасында 1 кг Са болады. Кальций табиғатта гипстің (CaSO4∙2H2O), фосфорит пен апатиттің (негізгі құраушысы Ca3(PO4)2), флюориттің CaF2 кальцит (CaCO3), алебастердің (CaSO4 *0,5H2O), доламиттің (CaCO3 *2MgCO2) және т.б қосылыстардың құрамында кездеседі. Физикалық қасиеттері: Са – күміс түстес, ақ, жеңіл металл. Тығыздығы – 1,54 г/см3. Кальций қатты металл, балқу температурасы – 8510С. Химиялық қасиеттері: 1) Кальций оттекпен әрекеттестіріп, оксид түзеді: 2Са + О2 → 2СаО 2) Кальцийдің қосылыстарындағы тотығу дәрежесі тұрақты +2. Ол әртүрлі бейметалдармен әрікеттеседі: Ca + Br2 → Ca+2Br2-1(кальций бромиді) Са + S → Ca+2S-2(кальций сульфиді) Са + N → Ca3+2N2-3(кальций нитриді) 3) Қышқылдармен әрекеттеседі: Ca + 2HCl → CaCl2 + H2↑ 4) Кальций күрделі заттарменде реакцияға түседі. Мыс: сумен қуатты әрекеттесіп, одан сутекті ығыстырып шығарады: Ca + 2H2O → Ca+2(OH)2 + H2 Алынуы: Өнеркәсіпте кальцийді сілтілік металдар сияқты, тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады: CaCl2 → Ca + Cl2 Қолданылуы: кальцийді болат – шойын өндірісінде, құйма жасауда, тотықсыздандырғыштық қабілетіне бола өнеркәсіпте кейбір бағалы және сирек кездесетін металдарды (Ti, V, Be, U, т.б) алу үшін қолданады: Са + ВеО → СаО + Ве Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары: Сұрақтарға жауап: 1. Кальцийдің реттік нөмірі нешеге тең? 2. Кальцийдің балқу температурасы? 3. Адам ағзасында неше кг кальций бар? 4. Электрондық формуласын кім атайды? 5. Атомдық массасы нешеге тең? 6. Табиғатта мөлшері бойынша нешінші орын алады? 7. Кальций карбонатының формуласы? 8. Кальцийдің тығыздығы нешеге тең? Сәйкестендіру: Ғаныш CuSO4·0,5H2O Алебастр CaCO3 Әктас CaSO4·2H2O Фосфарит CaF2 Флюорит Ca3 (PO4)2 Мына айналуларды жүзеге асыр: • Са→CaO→Ca(OH)2→CaCО3→Са(NO3)2 • 2Са + О2 → 2СаО CaО +2H2O=Ca(OH)2 Ca(OH)2 + CО2 → CaCО3 • CaCО3 + 2НNO3 → Са(NO3)2 + CО2 + H2O Үй тапсырмасын беру: 7.Қорытынды жасау. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
25.74 Kb
|
Количество скачиваний:
|
83
|
Просмотров: 373
Похожие материалы