Календарно-тематическое планирование по казахскому языку и литературе

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Мемлекеттік тіл ­­– қазақ тілін меңгеру барысында оқушылар қазақ халқына деген құрмет пен ізетті сезінеді, халықтың психологиясы мен жан дүниесін жақын ұғынады, халықтың рухани және мәдени құндылықтарын, тарихын түпнұсқада таниды. Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын оқушыларға қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді. Қоғамның әлеуметтік дамуы арқасында мемлекеттік тілді оқытуға жоғары мән беру мәселесі күннен күнге артуда. Оқушыларды адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, білім берудің гуманистік мазмұнын дамыту, оқу пәнінен әрбір тұлғаға берілетін білімдік-тәрбиелік міндеттер әлеуетін толық іске асыру басты міндет болып табылады. Оқу пәнінің міндеттері: -     оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту; -     оқушылардың білімін тілдік, лингвомәдениеттанымдық, этномәдени  және әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру; -     оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру; -     мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің нәтиже көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар тақырыптар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардың ерекшеліктерін ескере айқындалған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған Типтік оқу жоспарына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныптарда «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылады, оқу жылында сыныпта 136 сағатты құрайды.    
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.42 Kb
Количество скачиваний: 172
Просмотров: 379

Похожие материалы