Здесь была ссылка на работу Семинар-тренинг «Мен сізді түсінуге тырысамын...» автора Қадырова Зауреш Ратаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Семинар-тренинг «Мен сізді түсінуге тырысамын...» Мақсаты: Қазіргі кездегі мүмкіндігі шектеулі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. .Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-анасының парызы. Қажетті құрал жабдықттар: ақ қағаздар А4 ,қалам, фламастерлер, ватман қағаз,проектор ,интерактивті тақта. Көрнекілігі: слайд ,доп ,гүл шоғы,шар. Тренинг ережесі: 1.Тыңдай білу. 2.Сөзді бөлмеу. 3.Белсенділік. 4.Шығармашылық. 5.Төзімділік. 6.Сыйластық. 7.Түсіністік қарым-қатынас. Тренинг мақсатын түсіндіру. Тренингтің кіріспе сөзі . - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі семинар тренинг тақырыбы : «Мен сізді түсінуге тырысамын...». Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Тренинг барысы: 1. Бөлім. Танысу: Әр ата-ана өзінің есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді Мейіргүл, әдемі Айдан, т.б. 2. Бөлім: «Кездесу» (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың жақсы қасиетін айтады). 2. «Жанұя» (доп беру арқылы ата-ана жауап береді). 3.Қызықты сұрақтар: 1.Балаңыздың туған күні 2.Әлеуметтік маманның толық аты-жөні? 3.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 4.Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді? 5.Балаңыздың досы кім? 6.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 7. Балаңыздың дәрігері кім? 8.Балаңыздың сүйікті асы қандай? 9.Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 10. Балаңыз бос уақытта не істейді? Талдау: Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек -дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға демеуші ата-ана.