Здесь была ссылка на работу Салалс құрмалас сөйлем. автора Маманова Акерке Мейрамгазыновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету; Ә)Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту; Б) Тәрбиелік: Сөз қадірін түсіне білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Білімді пысықтау Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау, ойлау, дәлелдеу. Ұйымдастыру. 1.Оқушылармен амандасу. 2.Кезекшілермен сұхбаттасу. 3.Сыныпты екі топқа бөлу. Сабақтың жоспары: I. Қайталау-білім анасы . II. Ой қозғау. III. Сергіту сәті. IY. Кім жылдам? Y. Тапқырлар. YI. Семантикалық картамен жұмыс . YII. Шағын тест. YIII. Венн диаграммасы IX. Қорытындылау. X. Үйге тапсырма. ХІ. Бағалау. Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1.Ыңғайлас салалас 2.Қарсылықты салалас 3.Түсіндрмелі салалас 4.Талғаулы салалас 5.Себеп-салдар салалас 6.Кезектес салалас І.Қайталау-білім анасы 1.Сөйлемнің қандай түрлері бар? 2. Жай сөйлем дегеніміз не? 3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 4. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 5. Ыңғайлас салалас дегеніміз не? 6. Себеп-салдар салалас дегеніміз не? 7. Қарсылықты салалас дегеніміз не? 8. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не? 9. Талғаулы салалас дегеніміз не? 10. Кезектес салалас дегеніміз не?