Здесь была ссылка на работу Бірлігі жарасқан халықпыз. автора Назирова Жанагуль Матайқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ашық сабақ тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз. Мақсаты: Балалардың «достық», «халық», «бірлік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -Халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру; -өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; -ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар:үнтаспа, оқулық, дәптер.әр ұлт өкілдерінің суреттері. Шаттық шеңбері.Балалар біз өзін-өзі тану сабағын неден бастаушы едік? Ендеше барлығымыз шаттық шеңберіне тұра қалайық. Балалармен бірге шеңбер құрып тұрамын.Сабақ халықтар достығын білдіретін көңілді әнмен басталады.Бәрі бірге ән салады. Достық Ортақ мекен жершары, Еңбек ортақ, жыр ортақ, Төбемізде бір аспан. Ортақ бізге барлығы. Барлық ұлттың баласы, Туыспыз біз бәріміз, Достығымыз жарасқан. Біз Отанды сүйеміз. Ортақ бізге бір Отан Бақытты елде туған соң, Ортақ жердің байлығы, Бақытты өмір сүреміз. Өлең жолдарын талдау. Мысалы: «Ортақ мекен жер шары,төбемізде бір аспан» дегеннің мәнін қалай түсінесіңдер? -Өйткені жер, аспан бізге ғана тиесілі емес, ол барлық адамдарға өзге де ұлт өкілдеріне ортақ. - Қазақстанда қандай ұлттар тұрады.? - Сенің қай ұлт өкілдерінен достарың бар? - Бірлігі жарасқан халықпыз дегенді қалай түсінесіңдер? - Қазақстанда қанша ұлт тұрмасын бәрі бірге оқып, бірге қызмет етеді. Бірге мереке тойлап,бірге қуаныш бөліседі. Не жасаса да бірге жасайды,келісіп әрекет етеді.Татулықта,достықта өмір сүреді.Осындай ажырамас бірлік біздің Отанымыздың үлкен ел екенін басқа елдерге танытады. «Бірлігі жарасқан халықпыз» дегеннің мағынасы осында. Әңгімелесу -Балалар дұрыс айтасыңдар. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бізде жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар, корейлер және өзге де ұлт өкілдері. өмір сүреді. Олар бір-бірімен тату-тәтті тұрады.Біздің елімізде әр ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасып өмір сүруде.Олардың тілі мен әдет-ғұрпы, салты басқа болғанымен, тілегі мен мақсаты бір.Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны – Қазақстан.