Карбюраторлы дизелді двигателдің қоеректендіру жүйесі.

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Карбюраторлы дизелді двигателдің қоеректендіру жүйесі.

 

6.1 Дәрістің мақсаты: Студенттерді карбюраторлы дизелді двигателдің қоеректендіру жүйесімен  таныстыру.

6.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.     Карбюраторлы дизелді двигателдің қоеректендіру жүйесі

2.     Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс  схемасы

3.     Экономайзердің жұмыс істеу принципі

Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы, двигательдің жұмыс істеу  жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс.

Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.

Крбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газы сыртқа шығаратын бөліктер.

 Карбюраторлы двигательдерде жанармай үшін көбінесе мұнайдан алынған ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Ауа мен жанар майды араластыру процесін «карбюрациялық» процес деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал карбюратор болып табылады.

        Карбюраторлы двигательдердің жұмыс кезінде негізгі ақуларының біріне детонация құбылысын жатқызуға болады. Бензин мен ауа қоспасы қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация деп атайды.

         Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесі, осының алдында қаралған карбюраторлы двигательдерден айырмашылығы, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдің ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне , дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да ондағы ауамен араласып, жану қоспасын құрайды.

         Дизельді двигательдердің тағы бір ерекшелігі , жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады, Сондықтанда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соңында бүркіп береді.

          Сору помпасы арқылы насосқа жеткізілетін жанармай мөлшері автоматты түрде өзгереді. Сору помпасының қалыпты өнімділігі – 1,5 л/мин, жанармай жеткізу қысымы – 0,15 МПа.

          Дизельді двигательдердегі негігі құралға жоғарғы қысымды насос пен форсунка жатады.

Дизельді двигательдерде жанар май мөлшерін өзгерту арқылы жану қоспасының сапасын өзгертуді, арнаулы реттегіш арқылы іске асырады, яғни автомобильді жүргізуші тікелей жанармай насосына әсер етпей, реттегіш арқылы жанар майды мөлшерлеп отырады.Қоректендіру жүйесінің ең жиі кездесетін ақаулары: дизель двигательдерінің жанармай жүйесіне ауа неуі; жанармай өткізгіштердің және сүзгілердің ластануы; құрамы сәйкес келмейтін жанғыш қоспа түзілуі; жанармайдың форсункамен тозаңдану кезінде сапасы бұзылуы және жоғары қысымды насоста жанармай берілудің басталу бұрышының өзгеруі. Мұндай ақаулар болған жағдайда двигатель от алмайды, толық қуатын үдете алмай үзіліспен жұмыс істейді, түтіндеп немесе кенеттен тоқтап қалады.

6.3Тексеруге арналған сұрақтар:

1.     Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі қандай қызмет атқарады?

2.     Қарапайым қоректену жүйесі қалай құрылған?

3.     Бензин насосының жұмысын түсіндіріңіз?

4.     Экономайзер қалай жұмыс атқарады?

6.4Әдебиеттер:

1.     Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

 

2.     Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 147 Kb
Количество скачиваний: 87
Просмотров: 345

Похожие материалы