Казак хандыгынын шаруашылыгы

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Күні: 07.04.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

  • ? ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылықтың түрлері мен маусымдық көшу туралы, қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;
  • ? Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • ? Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, карточкалық тапсырмалар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

№1. Тапсырма

  • Қазақ қоғамында ұлттық басқару жүйесінің қандай тармақтары бар?
  • Қазақ ханы қалай сайланды?
  • Қарапайым халықты қандай атаулармен атады?
  • Қазақ қоғамында құл мен күңдер болды ма?
  • Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрамы қандай?

№2. Тапсырма. Тест тапсырмасы

1. Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құрылған:

  • A.Ауыл
  • B.Ру
  • C.Арыс
  • D.Ұлыс
  • E.Жүз

2. Қазақ хандығында ұлыстың билеушісі:

  • A.Рубасы
  • B.Би
  • C.Сұлтан
  • D.Ақсақал
  • E.Ауылбасы

3. Хан сайлаудың басты шарты:

  • A.Малының көп болуы
  • B.Ақсүйек тұқымынан шығуы
  • C.Бидің тұқымынан шығуы
  • D.Шыңғыс ұрпағы болуы
  • E.Феодалдар тобынан шығуы

4. Сайланған ханның мал мүлкін бөліп алу:

  • A.«Ханталас»
  • B.«Ханталапай!
  • C.«Бөліп алу»
  • D.«Ханталау»
  • E.Бөліске салу»

5. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:

  • A.Көшіп – қонуға
  • B.Соғысты бастауға
  • C.Салықты көбейтуге
  • D.Егінді жинауға
  • E.Жайылымды белгілеуге

6.Бүкіл қауым оның шешімін, билігін орындауға міндетті болды:

  • A.Рубасы
  • B.Би
  • C.Сұлтан
  • D.Ақсақал
  • E.Ауылбасы

7.Көпті көрген, мол тәжіриебелі, өте білікті, білгір адам болды:

  • A.Рубасы
  • B.Би
  • C.Сұлтан
  • D.Ақсақал
  • E.Ауылбасы

Жауабы: 1 – В, 2 – С, 3 – Д, 4 – В, 5 – А, 6 – В, 7 – А

Жаңа сабақтың жоспары:

  • 1.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы
  • 2.Маусымдық көшіп қону
  • 3.Қазақ халқының егін шаруашылығы
  • 4.Қазақ халқының қолөнері
  • 5.Қазақ қалалары және олардың тоқырау себептері

№1. Тапсырма Кесте

  • Маусымдық көшіп-қонудың түрлері
Орналасуы Маусымдық көштерде атқарылатын жұмыс түрлері

№2. Тапсырма.

  • 1.Күзеу – күзгі мал бағатын жер
  • 2.Жатақ – малы жоқ, жермен айналысуға мәжбүр болған кедей.
  • 3.Жұт – малдың қырылып қалуы.
  • 4.Қыстау – қысқы мал бағатын жер
  • 5.Атпа – жер суаратын құрал
  • 6.Шығыр – арық, тоған суымен жер суаратын құрал.
  • 7.Жер кепе – күн әбден жылынып, көк көтерілгенше жас төлдерді ұстайтын күрке
  • 8.Тоғыту – малды тоған суымен айдап өту арқылы жуындыру.
  • 9.Шуда – түйенің жүні
  • 10.Қорық – қыстау жанындағы шөбі қалың, тоғайы мол жер. Оған малдың басым көпшілігін кіргізбеуге тырысқан.

№3. Тапсырма. Сәйкестендіру «Мал аурулары»

1

Ешкі

1

Топалаң

2

Түйе

2

Қарасан

3

Қой

3

Ақшелек

4

Сиыр

4

Жамандат

5

Жылқы

5

Кебенек

Жауабы: 1 – 5, 2 – 3, 3 – 1, 4 – 2, 5 – 4

Сабақты бекіту:

  • Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінеміз?
  • Маусымды көшіпқонудың қандай пайдасы бар?
  • Қазақ қыстауларындағы баспаналар қалай салынды?
  • Қазақтар егін шаруашылығымен қай жерлерде айналысты?
  • Қазақ қолөнерінің түрлерін атаңдар?
  • ХҮІІІ ғ. қалалардың әлсірей бастауына не себеп болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §43. «Қазақ шаруашылығы» атты тақырыпта эссе жазу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.8 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 146

Похожие материалы