"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Смагалиева Кымбат Бактыгалиевна
|
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратау-
дың
ойында, Қарасудың бойында Қазанқап де-
ген
бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді
екен,
әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз
күндерін
өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн
Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап,
күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз
ай,
тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық
шеке,
аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері
көкке
жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кен-
дебай
ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде
күліпті,
алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты.
Сондай
күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті,
күрескенін
жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атан-
дарды
жалғыз тартып шығара
беріпті. Аң аулап, әкесіне
жәрдемдесіпті,
бара-бара құлан алыпты, құралайдың
көзінен
тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан
мен
маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойын-
дағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты.
Күндерде
бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қарата-
удың
ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал
бөрі
бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен.
Кендебай
жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап
алып,
бұлғап-бұлғап лақтырып кеп
жіберіпті. Қасқыр
арс
етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кенде-
бай
қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе,
бие
жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас
қанжарымен
биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын су-
ырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай
құлынды
үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен
асырапты.
Құлын сағат сайын емес,
минут сайын өсіпті. Алты
айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі
керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп,
түн қатып жүріп, аң
аулапты. Керқұла қуса жетіп, қаш-
са құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болып-
ты. Кендебай
Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың
ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмған-
ша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты.
Кендебай
осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол
мейлінше
қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты
жатсынуды
сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Ке-
рқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты.
Күндерде
бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап
кетіпті.
Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір ба-
лаға
кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай
жетіп
келіп:
- Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың?
-
деп сұрапты.
Баланың
басы таз, киімі өрім-өрім екен.
- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме
ырысың. Ас-
қар
таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын!
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 7.96 Mb |
Количество скачиваний: | 27 |