Кескіндемелік мәнерлерді оқып үйрену. Пуантилизм. Жылы және суық түстер гаммасы реңдерімен жаттығулар жасау.
Предмет:
ИЗО, МХК
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Небесаева Жанар Орынбековна
Здесь была ссылка на работу Кескіндемелік мәнерлерді оқып үйрену. Пуантилизм. Жылы және суық түстер гаммасы реңдерімен жаттығулар жасау. автора Небесаева Жанар Орынбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабаққа ұсыныстар. Балалар есейіп қалды, олардың жинақтаған білімдері де аз емес, нағыз бейнелеу өнерінің кейбір мәнерлерін оқып үйренетін кез келген сияқты. Ол баланың бейнелеу тілінің аясын кеңейту үшін қажет. Сонымен қатар стилі мен өз мәнерін табу немесе өр алуан суретшілердің бейнелеу тілінің ерекшеліктерін түсіну үшін қажет. Алдымен, пуантилизм мәнерін оқып үйрену. Бүл жағдайда бізді кызықтыратыны-жаңа мәнер ғана емес, жаңа түстер мен реңдер алудың жаңа тәсілі деп түсінеміз. Баланың түсті сезіну қабілетін жетілдіру үшін, оның түстердің барлық ерекшеліктерін ажырата білуі маңызды. Пуантилистер палитрасы түстерге өте бай. Мектепке дейінгі жастағы және бастауыш сыныптың окушылары көбінесе локалды түстермен, ірі таңбалармен жүмыс істейді. Үшінші оқу жылы - балаларды түстердің құбылмалы бай реңдерімен қызықтыра түсуді бастайтын сәт. Оны тек теория жүзінде немесе қысқа жаттығулар түрінде ғана емес, ұзағырақ орындалатын шығармашылық жұмыстар түрінде жүргізген дұрыс. Егер оқушының алдына нақты міндет койылмаса, ол көпке дейін өзі ұнатқан бір түспен қағаз бетін бояй беретін болады. Пуантилистер мәнерімен таныскан соң, бала жеке дактар арқылы берілген түстер гаммасының байлығын сезіне бастайды. Сонда оларға реңдердің алуан түрлілігін ажырату оңайға түседі және осы мәнерді қолданып нақты жүмыс істеуге кірісу де қиынға сокпайды.