"Кестелер. Кестелерді құру" тақырыбына информатикадан қысқа мерзімді сабақ жоспары және презентация (6- сынып)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Чакетаева Айкерим Алибековна
|
Күні:
16.02.2015
Пәні
Информатика
Мұғалім аты-жөні
Чакетаева А. А
«Переваловка орта мектебі» КММ
Сынып: 6 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру
Сілтеме:
· 6-сынып оқулығы;
· Оқу жоспары;
· Күнтізбелік жоспар.
Сабақтың мақсаты:
Кестелермен және мәтіндік процессор құралдары арқылы оларды құрудың ережелерімен танысады.
Түйінді идеялар:
Кестелер, кестелерді құру, кестелерді кірістіру және салу, деректерді енгізу, кестелердің бойымен жылжыту.
Оқыту нәтижелері:
· Компьютердің даму бағыттарын түсінеді.
· Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді.
· Компьютердің сәулеті және компоненттерін біледі.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:
АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс:
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Түрлі түсті әріптер бойынша топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
· Сәлемдесу
· Өздерін ретке келтіру
· Топқа бөліну
топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады.
· Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
· Миға шабуыл әдісі:
1. Қандай мәтіндік редакторларды білесіңдер?
2. MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін атаңдар.
3. MS Word мәтіндік процессоры терезесінің негізгі элементтерін атаңдар.
4. Қалып күй жолы не үшін керек?
5. Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады?
6. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай?
7. Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады.
8. Кегль деген не?
9. Қаріптің қандай баптауларын өзгертуге болады.
· «ABCD» ойыны. (Тест сұрақтары)
· Сиқырлы конверт. Топқа арналған қайталау тапсырмалары
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
Сөзжұмбақ. Тақтада сөзжұмбақ беріледі
Топпен ақылдасып шешуін табады.
Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
6-сынып оқулығында «Кесте. Кесте құру» тақырыбын оқыту.
Әрбір топқа тірек сызба беріледі.
Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.
Топтағы әрбір оқушы тақырыпты оқиды.
Тірек сызбаны толтырады.
Оқушылар өздері оқыған тақырыпты түсіндіреді.
Ой толғаныс (4 мин.)
«Теңбіл доп» ойыны. Слайдта сұрақтар беріледі.
Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, допты қақпаға кіргізеді.
Практикалық жұмыс (10 мин)
Қима- қағаздағы тапсырмаларды таратады.
Компьютерде әркім өз бетімен орындайды.
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)
Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үйге 140-144 беттердегі §22. «Кесте. Кесте құру» тақырыбын оқып келу.
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін гүл шоқтары таратылады.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып құмыраға салады..
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 6.84 Mb |
Количество скачиваний: | 16 |