Кестелермен практикалық жұмыстар

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы:  Кестелерге практикалық жұмыс . Сабақтың  мақсаты: Білімділік:  Кестелерді жасау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау  қабілетін, танымдық   белсенділігін арттыру, Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жақты болуға, компьютерлік жұмыс  істеу шеберлігін  одан әрі шыңдау және  оны  өмірде   қолдана  білуге  тәрбиелеу Пән аралаық байланыс: ағылшын, орыс тілдері. Сабақтың  түрі :  практикалық сабақ. Сабақтың  барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Ұранымыз:     Білекке сенген заманда    ешкімге есе бермедік, Білімге сенген заманда қапы да қалып жүрмелік. (Абылай хан) Міндетіміз:        Айтып берсең ұмытып қалармынКөрсетіп берсең есте сақтармын,Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.                 (Шығыс нақылы) 2. «Өткенді еске  түсіру"  кезеңі.  1. “Келесі” ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұраймын. . Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.  Сұрақтары: 1.Жаңа Word құжаты қалай құрылады? Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі. 2.Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен  ылғи үлкен әріптерді теруге болады?  CapsLock 1.Мәтінді туралаудың қандай түрлерін білесіз?  Туралау (Выравнивание) өрісінде абзацты туралау әдістері қойылаПо левому краю – абзацты беттің сол жақ шеті бойынша туралау, По центру – абзацты беттің ортасы бойынша туралау; По правому краю – абзацты беттің оң жақ шеті бойынша туралау; По ширине – абзацты беттің оң және сол жақ шеттері бойынша туралау;            4.Мәтіннің символын немесе бөліктерін орын ауыстыру үшін қандай әдіс қолданамыз?  Түзету—Қиып алу 5.  Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін қалай ерекшелейміз? Курсорды ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз; бірдей уақытта  Shift және курсорды жылжыту батырмасын басыңыз. 6. Кесте неден құралған? жолдар мен бағандардан  7.Мәтіннің символын немесе бөліктерін  қою үшін қандай әдіс қолданамыз?  Түзету—Қою  (Вставить) 8. 8. Кете элементтерін өшіру  үшін қандай әдіс қолданамыз? Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, КЕСТЕ мәзіріндегі өшіру (удалить) бөлімін таңдаймыз 9.Құжатты баспаға жіберу үшін қандай амалдарды орындаймыз?               Файл—Печать 10.Ұяшықтарды біріктіру үшін қандай амалдар орындаймыз? 11.Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшытарды  белгілеп, Таблица - Объединить ячейки 12.Мәтіннің символын немесе бөліктерін көшіру үшін қандай әдіс қолданамыз? Түзету --көшіру 3.  « Ойлан тап» Оқушы үш тапсырманың біреуін таңдайды.Тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады. 1-жұмбақ Тұрады ол жолдармен  бағандардан, Және тұрар ұяшықтар ағымынан. Кәне ойланып көрейік ол не екен, Баған менен жолдарды қиылыстырған.(кесте) 2-жұмбақ Кестенің бір негізгі элементі, Көлденең ұяшық құру қызметі. Ұяшық емес, баған емес ол не екен? Кестенің негізгі болған қызметі. (жол) 3- жұмбақ Тіктөртбұрышқа ұқсайды, Елемей кетуге болмайды. Бағанменен жолдардың қиылысы, Кестеде қай элементті құрайды.          (ұяшық) 4. Практикалық  жұмыстар 1 – тапсырма. Тақтада берілген кестені компьютерде жасау. 1- тапсырма. 7 бағаннан  6 қатардан тұратын кесте құр1- тапсырма. 2 – тапсырма. Кесте құру және толтыру.Кестені түрлендір/ автоформатта/. Кейбір ұяшықтарды боя. Кестенің тақырыбының өлшемін-24-пен және түсін өзгерт. 5.«Мәтіннің қатесін тап Тақтадағы  қате  берілген   сөйлемдердің  қатесін   тауып,  дәптерге  жазу керек. Осыдан кейін оқушылар дәптерін көшілестерімен ауыстырады да, тақтада көрсетілген мәтін бойынша өз қателерін тексереді. Мен  Ms Word  редакторын  іске  қосу  үшін  Пуск  –         Стандартные    –      Microsoft       Word командасын орындадымда, ашылған қолданба       терезесіне “ Информатика” туралы мақала   жазу  үшін   әріптерді,   тышқан    құрылғысындағы    пернелерді   пай даландым,    Правка  –  Таблица     командасы   арқылы кесте     құрдым.     Осы     мақаламды     сақтау   үшін Вставка    -    Сохранить как . . .    командасын     орындап, CTRL + F4 пернесі арқылы қолданбадан шықтым.         Жауабы: Мен  Microsoft  office  Word  редакторына кіру   үшін Пуск –  Программы  –Microsoft office Word командасын орындап,ашылған қолданбатерезесіне “Информатика” тақырыбындағы мақаланы жазу үшін,пернетақта құрылғысының пернелерін пайдаландым,Таблица – Вставить – Таблица командасы арқылы ашылған сұхбат терезеге Бағанжәне  жол  сандарын   беріп,   ОК   батырмасын басып,  кесте  құрдым. Осы  мақаламды   сақтау   үшінФайл  – Сохранить как ... командысымен ашылған сұхбаттық  терезеге “Информатика” атын  жазып, Мои  Документы қапшығына сақтадым да,  ALT + F4  пернелері  арқылы қолданбадан шықтым.  6. Қорытындылау                   Кестелермен қандй әрекеттер орындауға болады? Кестелерді біріктіруге,  бөлуге,   бояуға, өзгертуге, графиктер енгізуге, ақпараттар енгізуге  7. Ү йге тапсырма   WORD Мәтіндік процессорынан өткен тақырыптарға   тест құрастрып келу. 2. “Менің жанұям” тақырыбында кесте құрау.  8. Оқушыларды бағалау
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 33.05 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 125

Похожие материалы