Киимдерди жондеу жумысы 5 класс

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

"Выдержка из материала:

Казахстан. Кызылординская область пос. Жанакорган сш.№167

Пәні: технология

Сабақтың тақырыбы: Киiмдерді жөндеу жұмыcы

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімдік: оқушыларға киiмдерді жөндеу жұмыcтарын үйрету. 2. Дамытушылық: оқушылардың киiмдерді жөндеу жұмыcына деген ой-өріcін, сана-сезімін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдыққа, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: мата, ине, жіп, түйреуіш, қайшы, үтік.Еңбек нысаны: мата шеттеріндегі тігістерін және киім ілгішін жөндеу

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.үй тапсырмасын сұрап,бағалау ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалім оқу материалдарын баяндауда оқушылардың белcенділігіне, білім деңгейіне ынтасына сүйенеді, жаңа cабақтың мазмұнын ашады.Мұғалім оқушыларға маталар жайлы, тоқыма өндірісінде өсімдік, жануардан және химиялық талшықтардан әртүрлі мата алынатыны туралы, матаның құрамы, оның талшығына байланысты болатындығы түсіндіріледі. Өндірісте мықты да жұқа мата - мақта және зығыр матасының кеңінен қолданылатынын да айтып өткен жөн.Мақта өңдеу отаны - Үндістан.

Орта Азияға келсек, мақта Өзбекстан, Әзірбайжан, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Ал зығыр Ресей аумағында өседі. Волгоград аумағында қазба жұмыстары жүрген кезде зығырдың тұқымы қыш ыдыстың ішінен табылған. Сөйтіп осы атақты орыс зығыры Украина, Белоруссия және Балтық бойы қалаларында өсіріле бастады.

Жүннен жасалатын мата қой, қозы, түйе және басқа жануарлардың жүнінен алынады. Матаның құрылымы негізгі және арқау жіптердің өзара орналасуына байланысты. Матаның сапасына мата жасалған жіптердің құрылымы, негіз бен арқаудың тығыздығы, тоқылу түрі ықпал етеді.Тоқыма бұйымның қыртыстанғыш немесе өз пішінін сақтап қалу қабілеті серпімді, созылмалы және иілмелі ұзарулардың арақатынасына байланысты.

Мысалы, жүн талшықтары мен синтетикалық талшықтар серпімді де созылмалы болса, ұзарулардың үлесі басым болады, сондықтан бұл талшықтардан жасалған маталар қыртыстанғыш келеді де, жылумен дымқылдап өңдегенде бастапқы қалпына келеді.Өсімдіктекті (мақта, зығыр, вискоз талшықтары) талшықтар иілмелі ұзарудың үлесі көп болғандықтан, бұл талшықтан жасалған маталар қатты қыртыстанады, оны бастапқы қалпына келтіру үшін дымқыл жылумен өңдеу керек.

Орындалатын жұмысқа қажет матаны таңдау үшін маталардың ерекшелікте - рін, қасиеттерін білу керек. Қандай да бір бұйым немесе заттың әдемі де келісті болуы матасына да тығыз байланысты. Сондықтан матаның механикалық, физикалық, химиялық қасиеттеріне көңіл бөлген дұрыс. Матаның техникалық сипатына: өні, салмағы, негіз және арқау жіптерінің тығыздығы және өңдеу кезіндегі қасиеттері жатады. Бұйымды пішіп, тіккенде матаның сыртқы көрінісі, созылғыштығы, серпімділігі, қаттылығы, отыру қасиеті, үйкелуге төзімділігі, қатаң-жұмсақтығы ескеріледі.

Табиғи материалдар құрылысына қарай 4 топқа бөлінеді: мақта, зығыр, жүн және жібек.Матаның талшықтық құрамын анықтаудың маңызы зор. Жіпті иіру әдісі, алынатын жіптің жуандығы мен мықтылығы талшықтың ұзындығына байла - нысты таңдалады. Ұзын талшықтардан жіңішке әрі тегіс жіп алынса, қысқала - рынан жуан әрі жұмсақ жіп шығады.

Талшықтар үзілмейтін мықтылығымен сипатталады.Матаның технологиялық қасиеті бұйымды пішу және тігілген бұйымды үтіктеу кезінде байқалады. Матаның технологиялық қасиетіне одан жасалған бұйымның мықтылығы, сырғығыштығы, тарқатылғыштығы, матаның отыруы, ылғал жылумен өңдегенде қалпына келу қабілеті, тегістігі, жіптердің жылжыма - лылығы жатады.Талшықтың ұзындығы миллиметр (мм), сантиметр (см), метрмен (м) өлшене - ді. Мамығы мен үлпегі ең қысқа мақта талшықтарының ұзындығы 1-2 мм. Жібек құрты жібінің ұзындығы 1000 м және одан да ұзын болады.

Жасанды және синтетикалық жіптердің ұзындығы шексіз бола береді. Маталар талшығына қарай біртекті және әртекті болып бөлінеді.Біртекті мата деп құрамында тек бір ғана түрлі талшығы бар, яғни тек қана мақта талшықтары бар матаны атаймыз.Жүн мен вискоз талшықтары секілді әртүрлі талшықтардан тұратын мата - әртекті мата деп аталады.

Табиғи жібек матасы жұқа болады, көбіне созылмалы, сөгімелі болып келеді. Жібек матасы көбіне біркиер киім, кофта және басқа да жеңіл киімдерді тігу үшін қолданылады. Синтетикалық мата көмір мен мұнайды өңдеу нәтижесінде алынады.

Бұл мата мықты, жылжымайды, жақсы жуылады, көпшілігі үтіктеледі, жуғаннан кейін отырмайды, плиссе, гофре, ылғал жылумен өңделеді. Алайда бұл мата жоғарғы температураға шыдамайды (мысалы, капрон 170°),Жасанды талшықты мата, негізінен, циллюлоза, шырша қалдығынан жаса- лады.

Бұл матаға қатпар жақсы салынады. Мұндай маталар жібек пен жүн матасын жақсы алмастырады. Кемшілігі - дымқыл кезінде тығыздығын 50%-ға дейін жоғалтады, созылғыш болады, тіккен кезде мата жібі көп уақытта қозға - лып кетеді. Киім тіккенде, мата түсі мен түс арақатынасына үлкен мән беру керек. Крепті айқаспа матаға майда қиыршықты синат беріп, бетін өрнектеуге қолайлы. Айқын сегізжіпті сәтендік айқаспа мен молескин мата жапқыштарды ұзарту немесе екі айқаснаны үйлестіру арқылы алынады.

Олар неше түрлі болады және мақта, жүн, жібек, зығырдан маталар жасағанда қолданылады. Айқын сәтен сәтендік айқаспадан алынады. Қарапайым сегізжіпті сәтенге қарағанда, айқын сегізжіпті сәтеннің әр көлденең қабаты екі негізгі жапқыш алты арқаулықпен алмасып отырады.

Айқын сегізжіпті сәтендік айқаспа мен молескин матадан шұға, күдері, шибарқыт тоқылады.Креп - құрама айқаспа әдісімен ширатылған жіптен тоқылатын жатық тығыз мата. Бостон мен шевлотқа қарағанда крептің бетінде майда, тығыз, 75-80° тікежоғары бұрышты немесе 30° сәл көтеріңкі бұрышты қатар екі жолағы болады. Креп таза жүннен, вискоза талшықтарынан және жартылай жүнге лавсан қосуарқылы жасалады.

Жартылай жүннен жасалған креп жылтыр, өрнектері анық болып келеді. Астарлық маталар саржалық, атлас және майда өрнекті айқаспа виска жіптерінен тоқылады Сарамандық жұмыс. Мұғалім оқушылардан қауіпсіздік ережесін сұраудан бастайды. Жұмыс оқулықта берілген киімді және ілгекті жөндеу жұмыстарының реті бойынша орындалады. Жұмысты әрбір оқушы жеке орындайды, мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп жүріп, қателік жібермеуін қадағалайды.

ІҮ. Сабақты пысықтау 

Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырылып,оқушылардың еңбектері бағаланады.

Ү. Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтап келу

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.5 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 93

Похожие материалы