"Киім дизайнері" для 11 класса

Предмет: Технология
Категория материала: Презентации
Автор:

       Электрондық орта 12 жылдық мектептің 11-сыныбына арналған технология сабағы бойынша  жаңа бағдарламаға сәйкес.  Негізгі мақсаты – оқушылардың технологиялық білім мен біліктілік жүйелерін қалыптастыру, жеке тұлғаның еңбек, азаматық және патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу.

         Бейінді оқытудың негізгі қызметі оқытуды дифференциациялау және даралау құралы ретінде анықталып отыр. Оқу процесінің  құрылымы, мазмұны және ұйымдастыруына өзгерістер енгізуде оқушылардың қызығушылықтары, бейімділіктері  және қабілеттері көбірек есепке алынады.

 

Бейіндік деңгейде технологияны оқытудың мақсаты – тігін өндірісінің және қызмет көрсету саласының кәсіптерімен, оның жұмысын ұйымдастыру, құрылымымен, технологиялық жабдықтардың жұмыс принципімен, тігін бұйымдарын дайындаудың технологиялық процесімен таныстыру, еңбек нарығында өз бетімен сәтті жұмыс істеуге даярлығын және қазіргі қоғамда кәсіби үйренуін қалыптастыру.

Берілген материалдар оқушыларға ойлау және талдау қабілеттерін, іскерліктерін дамытуға көмектесеі. Алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуге дағдыландырады. Мұғалімнің сабаққа дайындалу  уақытын үнемдеп қана қоймай сабақ жоспарын құруға көмектеседі. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеті белсенділігін арттыруға, сабақтың мақсатын ашуға жәрдемдеседі.

Ұсынылып отырған материал мұғалімнің шығармашылықпен нәтижелі сабақтар өткізуіне көмектеседі.

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 8.68 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 108

Похожие материалы