Көкөністер, олардың маңыздылығы.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Шамеденова Эльмира Хасановна
|
Күні
Пәні: коррекциялық сабақ
Сыныбы: 2б
Тақырыбы: Көкөністер, олардың маңыздылығы.
Мақсаты: Оқушының қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейту. Көкөністердің ұқсастығымен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Көкөністердің сабақта және жер астында өсетіндігі туралы түсінік беру.
Әдіс - тәсілі: сұрақ – жауап.
І. Ұйымдастыру жұмысы.
а) Оқушымен амандасу.
б) Баланың көңіл- күйін, оқу құралдарын анықтау.
ІІ. Көкөністер, олардың пайдасы.
Көкөністер — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыр-жемістілер — сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі; қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық; томаттар, баклажандар, көкөніс бұрышы, қияр,қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, бұршақ, атбас бұршақ, қант жүгерісі; жуашықтылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)— басты пияз, сарымсақ, батун жуалары. Картоп пен хош иісті дәмді анис, кориандр, кресс салат, тмин,жалбыз, ма қияр шөбі, эстрагон. Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол.
ІІІ. Көкөністер туралы жұмбақтар.
v Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. Қарбыз
v Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан. Қауын
v Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Сәбіз
ІҮ.Сергіту сәті:
Маймақ аю қорбаңдап
Келе жатыр орманда
Тауып алып көп жаңғақ
Тығындады дорбаға
Бір мезетте жәу жаңғақ
Шекесіне доп тиді
Ашуланған ол маймақ
Ызыланып қомпиды.
Ү. Қорытынды:
ҮІ. Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.92 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |