«Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Сабақтың мақсаты: 1)әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, автродың көзқарасына бойлау;2) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны тануға, ой толғауға дағдыландыру, іздендіру; 3) табиғатты қорғауға, аялауға, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру, өзіндік шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: М.Әуезовтің портреті, шығармалары, қасқырдың суреті, «Көксерек» диафильмі, Қ.Уәлиевтің портреті,қанатты сөздер.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын айтып,жоспар құру.

3. Бекіту.Тест.1-слайд.

1. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты», - деп басталатын қай бөлімінде айтылады?

А) үшінші; ә) бірінші; б) екінші; в) төртінші.

2. Қасқырдың неше күшігі өлтіріледі?

А) 4; ә) 5; б) 2; в) 3.

3. Көксеректі асыраушы кім ?

А) Құрмаш; ә) Құрманбек; б) Ақан; в) Қасен.

4. «Қуаған-ай, неңді алып ем ? Не жазып ем?».... деген сөздердің иесі

кім?

А) Құрмаш; ә) Әжесі; б) Бейсембай; в) Қасен.

5.Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездеседі?

А) ауылда; ә) серуендеп жүргенде;б) қой бағып жүргенде; в)әдейі іздеп шығады.

4.Жаңа сабақ. «Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі.

Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алсақ та, табиғат мәселесі назардан тыс қалмайды. Балалар, мына сөйлемге назар аударайық.

2-слайд.

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя, талбесігі.

1. Осы сөйлемді оқығанда еске, ойға алдымен не түседі?

Табиғат дегеніміз не?

2. Табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

Әңгіменің басты кейіпкерлерін жүйелейік.

Олар: әжесі,Құрмаш, Көксерек, Қасен.

- Қасқыр туралы не білесіңдер?(Өмірден көрген, білгендерін әңгімелейді).

3-слайд.

Қамбар Уәлиев- «Көксерек» фильміндегі Құрмаш.(слайдтан көрсетіледі

3-слайд.

1963 жылдың 7 қарашасы күні ( төлқұжат бойынша 9 қыркүйек) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының жанындағы Көкқайнар деген ауылда дүниеге келген.

«Көксеректі» түсіру барысындағы басынан өткен қызық оқиғаларды әңгімелеу.4-слайд.

5-слайд. «Талқылау» кестесі.№1

Берілген

мағына

Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы

(Оқушылар толтыратын баған)

Көксерек

Адамдар ауылға әкелген күшік.

Құрмаш асыраған қасқырдың күшігі.

Құрмаш

Көксеректі асыраған бала.

Басты кейіпкер. Көксерек құрбаны.

Қасен

Көксеректі ұстаған аққасқа иттің иесі.Аңшы.

Әже

Құрмаштың әжесі.Немересінен айырылып, зарлап қалған жазықсыз жан.

№2.

Мағынасы

Сөздер (Оқушылар толтыратын баған)

Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты.

Көксерек

Көксеректі бастан теуіп еңіреген адам.

Құрмаштың асыраушысы.

Әжесі.

№3.

Шығарма

аты,авторы

Несімен

ұнады?

Сүйікті кейіпкерің.

Жасаған

қорытынды

Мұхтар Әуезов.

«Көксерек».

Өте қызықты, тартымды, түсінікті тілмен жазылған.

Құрмаш, Қасен.

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен.Түз тағысы өмір сүруге құқылы.

5-слайд.

Еркін жауап.

1. Қасқыр апанын адамдар енліктен ойрандады?Адамның әрекетін бағала.

2.Қасқыр мен адамның іс-әрекетінде ұқсастық бар ма?

6-слайд.

Венн диаграммасы.

Адам – саналы тіршілік иесі,өмірді сүйеді,мейірімді, қамқор, кешірімді, ұрпақ өсіреді, өмірін жалғастырады,т.б.

Өмірге, тіршілікке құштарлық, ұрпақ жалғастыру,тамақ табу үшін күреседі, т.б.

Қасқыр – табиғаттың тағысы. Қатал, ызалы, долы, басты мақсаты – тән азығын табу.

7-слайд.Ойтолғау жазу. «Адамдардың табиғатқа жасаған қиянаттары» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

8-слайд.Проблемалық сұрақтарға жауап алу.

1.Көксерек неге адамдар арасына сіңісіп кете алмады?

2. Неге Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен тез бауырласты?

3.Қасқырды қолға үйретуге бола ма?

4.Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

9-слайд. «Көксерек» фильмінен үзінді көрсету.

10-слайд.Үйге тапсырма:қасқырға байланысты мақал-мәтелдержинақтау,әңгімеде көтерілген мәселе бойынша «Табиғат – Адам» тақырыбына байланысты ойбөліске дайындалып келу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 2.81 Mb
Количество скачиваний: 274
Просмотров: 777

Похожие материалы