Здесь была ссылка на работу Көктем қандай көрікті? автора Жанжигитова Анар Кобекбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сыныбы: 1-сынып Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: «Өз Астанам-өз ордам». Тасымал. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу және жазу дағдысын жетілдіру; тасымал туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту Тәрбиелік: Өз Отанына құрмет, мақтаныш сезімін ұялату, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын. Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының суреттері, слайд,ИАТ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарларын аударту. II. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. - Балалар, біз буын туралы білімімізді жетілдірдік. Қане, буын туралы ережені еске түсірейікші. - Оқушылардың жауабы. - Бүгін біз жаңа ережемен танысамыз. Ережеміз не туралы екенін білгіміз келе ме? Ендеше «Білім еліне» саяхатқа шығайық. Картадан қандай жерлерді көріп тұрсыңдар? ●Талдықорған ●Сарыағаш ●Астана ●Маңғыстау ●Ыстықкөл ●Леңгір ●Атырау - Ал, енді, балалар, осы көрсетілген сызықтар бойынша қалалардың бас әріптерін қосып оқимыз, қандай сөз шығады? - Тасымал сөзі шығады. - Дұрыс айтасыңдар. Сонымен тасымал дегеніміз – жазу жолына сыймай қалған сөздің бөлігін буынға бөліп екінші жолға жазу. Сөздердің тасымалданған бөлігінен соң сызықша қойылады: ұс-таз, те-ре-зе, мек-теп. III. Жаңа сабақ. - Оқушылар менің қолымда пойыз билеттері бар. Бүгінгі сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларға сыйлаймын. Ал, осы билеттің қай қалаға сатылғанын білгіміз келе ме? Ендеше экранға назар аударайық. Бұл қай қала? - Астана қаласы. - Дұрыс айтасыңдар. Астана қаласына баруға билет алу үшін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек. Қане, іске сәт! 89-жаттығу 1) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін 2) Өлеңді оқушыларға тізбектей оқытамын. 3) Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қоямын: -Өлең не туралы? -Өлеңде Астана туралы не айтылған? -Астана жайлы не білесің? -Астана сөзін қалай тасымалдауға болады? ( Сабаққа араласып отырған оқушыларға жетондар таратып отырамын) V.Жаңа сабақты бекіту. 90-жаттығу Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жаз. Ал-ма-ты,Ал-маты, Алма-ты, қа-ра-ғай,қара-ғай, қа-рағай,ше-бер-ха-на, ше-берхана, шебер-хана, шеберха-на. VI.Үйге тапсырма. «Өз Астанам-өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқу. 91 – жаттығу. Тасымал туралы ережені жаттау. VII. Бағалау. Жетон көп жинап, сабаққа ерекше араласып отқан оқушыларға билеттерді сыйлап, тиісінше бағалаймын. Қызылорда қаласы № 5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жанжігітова Анар Көбекбайқызы