Класный час "Ғасырдың өлім тұзағы" (5 класс)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Китигулова Жанар Асановна
|
Сабақтың тақырыбы: Ғасырдың өлім тұзағы
Сабақтың мақсаты: Қазіргі заманның кеселді дерттерінің себептерінің бірі – темекі екенін, оның зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру; денсаулықты сақтау, бос уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Салауатты өмір сүруге және оқушыларды шылым шегетіндермен қарым – қатынасқа үйрету.
Абай атамыздың мынадай жақсы сөзі бар: «Адам өз заманының баласы, егер ол жаман болса, оған замандастары кінәлі».
Сабақтың барысы:
1. Броундық қозғалыс
2. Карусель (айналма)
3. «Соңын ойластыр» ролдік ойыны
4. Миға шабуыл
5. Өз позицияңды ұстан
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі- салауатты өмір сүру, оны насихаттау. (Слайд СӨС)
Салауатты өмір салты – дегеніміз бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу. Зиянды заттар –есірткі, арақ, темекі. Біздің тәрбие сағатымыз осы зиянды заттардың бірі - темекі туралы болмақ.
Шылым шегу бүкіл әлемдік эпидемиға айналды. Жыл сайын темекіден әлемде 5 миллион, Қазақстанда 24 мың адам көз жұмған. Тек шылым шеккеннің өзінен 1950 жылдан 2000 жылға дейін аралығында дамыған елдерде 60 млн адам көз жұмған. Бұл екінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқандар санынан асып түседі. ДДСҰ-ның мәліметінше, 1 сағат ішінде әлемде темекі шегу салдарынан 560 адам көз жұмса, соның үшеуі- Қазақстанның азаматы. (Слайд Сандар сыры)
Шылым шегу тек 1 адамнның денсаулығына ғана зиянын тигізіп қоймайды. Зерттеулер корсеткеніндей, үнемі шылым шегу адамның ақыл-ойы мен шекпейтін адам сол ортада отырса, 4 темекі тартқанмен бірдей күй кешеді Соңғы уақытта жастар арасында темекіге әуестенгендер саны артып барады. Зерттеулер жүргізілген көптеген елдерде ер балаларға қарағанда, қыздардың үлес салмағы басымырақ. Жастарға шылым шегуге әсердің түрлі жолдары бар. Шылым түтінінің шырмауында қалған баланың денсаулығы бұзылады.
Өздеріңіз білетіндей бүгінгі таңда темекі шегумен жастар өте күрделі мәселе болып отыр. Осы мәселені шешуге біз де аз болса да өз үлесімізді қосайық.
Біздің арамызда темекі шеккісі келетіндер немесе өскенде әдемі көріну үшін темекі шегемін деушілер бар шығар. Келесі көріністен кейін мүмкін олардың ойы, көзқарастары өзгерер. Олай болса мына көрініске назар аударайық. (Тақтада видео көрсетіледі.)
Темекіде не бар?
(Слайд темекіде не бар)
Егер жер бетіндегі адамдардың көбі темекі шегетін болса, онда жердің көрінісін мынадай күйде көз алдымызға елестетер едік. (Слайд)
Егер жас өспірімдерге шылым ұсынылса, оны қабылдар ма едіңдер? Қабылдаса оның болашағы қандай болмақ! (Слайд)
Ерте жастан темекі пайдаланған адамдардың бойында тамыры тереңге тартқан темекінің зардаптары қандай? (4 слайд)
Және де темекінің тағы бір зиянды жағы адамды қылмысқа итермелейді. (Слайд)
Бұл сөзге мына оқиға куә.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 8 |