Класный час "Наурыз сәні – ұлттық ойын" (8 класс)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Муканова Асел Боранбаевна
|
Наурыз сәні – ұлттық ойын
Наурыз келді, өлкеге көктем келді,
Арайымен аялап көк пен жерді.
Наурыз-нұрын құндақтап құшағыма
Ақ жауынға айналып кеткім келді.
Көктем күннің төгіліп нұр шашағы,
Қара жерге шуақтан гүл шығады.
Көктен түссе наурыз нөсер болып,
Ырысқа кенеліп жер құлшынады.
Ақсақалдар жаудырып баталарын,
Жеңгелерім шашады шашуларын.
Наурыз көже пісіріп бүгін анам –
«Береке» деп таратып жатыр бәрін.
-Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар «Армысың Әз-Наурыз» атты мектепішілік іс-шаралар аясында «Наурыз сәні – ұлттық ойын» атты 4-5 кластар аралығында өткелі отырған сайысқа қош келдіңіздер!
-Құрметті көрермендер, «Наурыз сәні – ұлттық ойын» байқауының әділқазы мүшелерін өз орындарына шақырайық.
1. Мукатова Мирагүл Мирғалиқызы – ДТІЖ орынбасары
2. Шуренбаева Анар Хамзиевна – мектеп жантанушысы
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, достар! Ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Наурыз салтанаты! Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл – көне парсы сөзі: Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны «нау» - жаңа «рыз» - күн деген ұғымды білдіреді. Сонда «Жаңа күн» деген сөз шығады екен. Наурыз – халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22-жұлдызына сәйкес келеді. Бұл – қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын шақ. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйесі боздап, бір малы екеу болып аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, мәз – мейрам шаттыққа бөленетін жайдарман шағы.
Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы құтты болсын!
Бұл мерекеде ұлттық тағамдарды әзірлеп, ұлттық киім киіп, ұлттық ойындар ойнатылады. Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Ендеше, ұлттық ойындарды бірге ойнайық!
«Наурыз сәні – ұлттық ойын» атты 4-5 кластар аралығында өткелі отырған байқаудың шарттары:
1. Таныстыру бөлімі (топтың аты, киім үлгісі)
2. «Теңге ілу» (орамалда түйілген сұрақтарға жауап береді)
3. «Асық ату»
4. «Арқан тарту»
1. Таныстыру бөлімі. (Әр класс өз тобын таныстырады.)
Ал, балалар, балалар,
Қане, бермен қараңдар.
Қазақтың тойын тойлайық,
Аталар салтын жоймайық.
Дәстүрлі әнді шырқатып,
Ұлттық ойындар ойнайық.
2. «Теңге ілу» ұлттық ойыны
Қазақтың ұлттық ойыны. Ойынды жастар ойнайды. Ат үстінде шауып келе жатып, жердегі орамалға түйілген теңгені құламай алуы керек. Бұл ойын қыз ұзату тойында ойналады.
Әр топтан бір ер бала шығып, жүгіріп келіп жердегі орамалды алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Наурыз көжені қалай жасайды?
2. Күн мен түн қай кезде теңеледі?
3. Наурыз мерекесінде айтылатын баталарды білесің бе?
4. Халық арасында «Наурыз көжені тойып іш» деген ұғым бар. Оны қалай түсінесің?
5. Қазақ халқы неліктен «Наурыз мерекесін» жаңа жыл деп тойлайды?
6. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
7. Қазақ қай санды қасиетті деп санайды?
8. Киіз үйдің құрылымын, жабдық атауларын атаңыз.
3. «Асық ату»
Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы қойдың асығымен түрлі ойындар ойнаған. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Мұндай қасиеттер адамды көздеген мақсатына жетуге бейімдейді.
Әр топ оқушылары асық атып, өз қоржындарына ұпай жинайды.
4. «Арқан тарту»
«Арқан тартыс» ойынына қатысушылар екі топқа бөлініп, ортаға шығады да, арқанды екі топ екі жаққа қарай белгіленген жерге дейін бірін-бірі тартуы керек. Қай топ сүйреп кетсе, сол топтың ұтқаны болып есептеледі. Әдетте бұл ойынға өзіне-өзі сенімді, дене күші мығым жігіттер күш сынасу үшін қатысады.
Әр топ бір-бірімен күш сынасып, тартысады.
Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай, - деп, әділқазы мүшелеріне сөз береміз.
Қорытынды
Наурызым, кең пейіл,
Қазақтай көңілі.
Сендей боп өтсе ғой,
Ұлтымның өмірі.
Халқыңның әдет салтына,
Ойлана қарап түйін түй.
Ұлыстың ұлы күнінде
Жалғаса берсін ән мен күй.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Той тойға ұлассын!
Еліміз тыныш болсын!
Халқымыз аман болсын!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 54 |