Класный час "Бақытыңды балаңнан ізде" (5 класс)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Китигулова Жанар Асановна
|
Тәрбие сағатының тақырыбы: Бақытыңды балаңнан ізде
Мақсаты: оқушыларды ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үрету, ата-анамен бала арасындағы сенімді, силастықты, бір біріне деген сезімді нығайту, оқушылардың ата-ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне жағдай туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту , баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тақырып жазған күн суреті, күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, теледидар DVD, ойын элементері.
Барысы
Мұғалім: құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүдесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асыуымздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сабағымызда ақын М. Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең
Қатсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен.
Ойым емес, оллаһи біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық силап маңына жылу силап,
Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау
Болмасада топ жарған ала бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата-ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қатсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды.
Алдын ала берілген «менің отбасым» тақырыбындағы эссе тыңдалады
Мұғалім: «Әр баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп атпақшы баланың мінез құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы өзін көретін айнасы. Сондықтан ата-аналар мен сіздерге мынандай сұрақ қойғым келіп отыр.
1. «Бақытыңды балаңнан ізде»деген сөздің мағнасын қалай түсінесіздер?
2. Балаға ақылды қалай айту керек?
Мұғалім: осы жерде ата-аналарға мен мынадай кеңес атқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз.
1. қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2. қателік: «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3. қателі: Аса қаталдық, яғни «Мен нені атсам соны орындауың керек, үткені мен үйдің басшысымын»
4. қателік: Балларды тым еркелету
5. қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6. қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз етпе.
7. қателік: Баланың ісіне көңіл күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әнгімесіне құлақ аспау.
Мұғалім: міне құрметті ата-аналар бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп сізді бақытқа кеңелтері сөзсіз. Ортаға жұмбақ кейіпкерімізді шақырамыз.
Жұмбақ кейіпкер: мен он жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөлісіп келіп отырмын. Мен үйде жалғыз баламын. Ата-анам жұмыс басты адамдар. Жұмыс істеп жұріп маған көңіл бөлуге, менімен сөйлесуге де уақыттары жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшаны береді, барам деген жеріме жібереді. Маған ақшаның байлықтың керегі жоқ. Маған тек ата-анамның аялы алақаны , мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата-анам маған еш алаңдамайды. Өйткені олар жұмыстан басқа ештеңе ойламайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен осымның үйіне барып, түнгі сағат онға дейін досыммен әнгімелесіп отырып қалдым. Үйге келсем ата-анам алаңдап отыр екен. Мен ата-анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып осы жағдайды тағы қайталадым. Бырақ бұл жолы ата-анам маған дауыс көтеріп айқайлады. Мен мұнда ата-анамды жамандайын деп отырғаным жоқ. Мен ата-анамның өзіме деген жылы сезімін қалай оята аламын ? Маған көмек беріңіздер.
Мұғалім: 1) Ата-аналар бұл жағдайда не айтасызда
2) Сіздердің түсініктеріңізше «Бақытты жанұя» қандай болу керек?
3) Балаға, ата-анасына қандай ақыл кеңес атар едіңдер?
4) Оқушылар алдарыңдағы өздерің сияқты достарыңа қандай көмек бересіздер?
Мұғалім: Келесі бөліміміз ата-ана мен оқушы арасындағы қарым қатынасқа арналған ойындарға арналады.
«Жазалау» 1. Балаңыз мектепке сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты.
2.Балаңыз көрші үйдін затын ұрлап алыпты оны көршіңіз сізге келіп айтты.
3. Мектепте кішілерге қол көтерді оны мұғалімнен естідіңіз
( Ата-аналанр түрлі әдістәсәлдерді пайдаланып балаларды жазалайды)
Мұғалім: Ортаға оқушыларды шақырамыз. Оқушылар ата-аналарына барып өздерінің басынан
өткен әр түрлі жағдайларын баяндап айтады. Ата-аналар сол сәтті қалай қабылдар екен.
1-оқушы: Анашым мен бүгін сабаққа бармай ақ қойайыншы, үйге берген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса ауырып жатыр деп айтасалыңызшы.
2-оқушы: Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым
3-оқушы: Анашым мен бүгін мектепте жарысқа қатысып мақтау қағазын алдым.
Келесі ойын «Міндеттемелер таразысы»
А) «менің балаға қатысты міндеттерім»
Ә) «менің ата-анаға қатысты міндеттерім»
Мұғалім: Ортада ақ және қара жәшік тұр ақ жәшікке жақсы қасйетте, қара жәшікке жаман қасйеттерді саласыздар.
Мұғалім: Еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты, отанын сүйетін азамат болып өсіп сізді бақытқа кеңелтсін десеңіздер бала тәрбиесіндегі қателіктерге жол бермеңіздер.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 13 |