Класс сағаты»«Жігіт сұлтаны»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Тақырыбы: Жігіт сұлтаны Мақсаты: А. Оқушыларға азамат болу деген ұғымды түсіндіру, мағынасын ашып беру; Б. Шын адал достыққа баулу, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер:  адам және азамат туралы нақыл сөздер,  суреттер, өлең шумақтары. Ел азаматы болу әр адамның мiндетi. Ақылды адам көрiгi – ақылдың сабыр серiгi. Мiне осындай мақалдар ел аузынан, адам, ата-анадан қалған қасиеттi ұлағатты сөздер. Адам баласының iшкi дүниесi ақыл бар қасиет. Халық арасындағы мәдениеттi ұлттың бедел, адам сыры мәденииетiнiң дамуы ойдың дұрыс болуы – қаншама бақыт екенi белгiлi. Өмiрге келген адам бақытты. Адам өмiрге келгенде әр адамның өзiндiк ойы, қандай кәсiппен айналысуы, қанға бiте дүниеге келед.i Оның қиындығы, қызығы iште жатқанда маңдайға жазылады. Тағдыры ұшы-қиырлы болып бекiтiлiп өмiрге келедi, қарап отырсаң, қаншама билiктер адам баласына берiлген. Адам осы iстердiң бәрiн меңгеруге мiндеттi. Жақсы қасиет бойға бiткен, қанға сiнген қасиеттi ешкiм тәрбиелеп жетiстiре алмайды. Жақсы, тәрбиелi адам халық арасында аты да, заты да тарихта қалады. Осыған қарсы адам баласы қасиетсiз iстерге көп үйiр. Отбасы – ошақ қасынан үйренедi. Балаға қарсы тәрбие беретiн жағдайлар бар. Жастар соны тез ұғынады. Ақылсыз, тәрбиесiз адамдар ешкiмге қамқоршы бола алмайды. Әр адамның бойында қасиетi мен ерекшелiгi болады. Қасиетсiз адам дүниеге келмейдi. Өмiрде оқымысты болу дарынды болатын көргендiк, мәндi болу үшiн, ақыл беру үшiн, әуелi өз жанұяңды, өзiңдi тәрбиелегенiң, себебi сенiң iсiң бөтен жандарға үлгi болатындай қасиет болғаны жөн. Алла Тағала адам баласына қандай еркiндiк бақыт бердi, оны бiздер түсiнемiз бе? Денсаулық, еңбек етуi еркiмiзге берiлгенiн бiлмеймiз. Әр қадам, ой, парасат, өнер, кәсiп талаптың қасиетi қалай меңгере бiлудi үйретiп, жақсы азаматтарды тәрбиелеп беру ұлағатты iс екенi бәрiмiзге мәлiм. Өзiнiң осалдығын сезген адам – ең ақылды. Бiреудiң дұрыс емес iсiн түсiнiп, өзiң одан сабақ алсаң, оны кiнәламай, әңгiмеге тартпай жақсы жолға түсiрiп жiбертсең одан артық адам бар ма! Әр жанұя өз өмiрiнде жақсы тәрбие бере алса ертеңгi қуанышқа ие болуы рас. Артында ұлағатты ұрпақ қалады емес пе?! Ата-ана тәрбиесi өмiрдiң бақыты мен келешегi, мақтанышы емес пе?! Шiркiн, осының бәрiн түсiнетiн жандар өмiрде көп болса – арман бар ма! Жастарға осы сөздерiмдi үлгi етiп түсiнетiндей дәрежеге жеткiзсем, ойланса деген тәрбие мәнiнде жазып отырмын. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы iстiң тәрбиесi жетiспей отырған жағдай бар. Жастарымыз бiлiмдi, сәндi, мәндi ойшыл болып өссе қандай ғанибет! Бiр сөздi iлмесе, бiреуiн iлсе, өмiр – өзен емес пе! Қиындыққа да, батылдыққа да, жақсы өмiрге де бiрдей мән беру тамашалық адамның өзiнiң өмiр үлесi ғой. Өмiрдiң көңiлдi уақытында шаттанып, қиыншылығында өзiн-өзi зәбiрлеуге болмайды, шыдамдылық пен төзiмдiлiк адам баласына тән қасиет. Жақсы ойда болсаң, жақсы iсiң аяқталмақ. Бөтен адамды әңгiмелеуге әуестенбеген – тәртiптiлiк! Имандылықтың бiр тәртiбi! Жастардың ой өрiсiне, тәрбиесiне көңiл бөлуге ат салысайық. Отан – отбасынан басталады. Отаншыл, қайырымды, кәсiптi, ойшыл, ақылды, мейрiмдi болуға ата-аналар үлесi жетiспейдi.Әр ата-ана өз балаларын ұстаздық жолмен тәрбиеге жеткiзсе жамандық болмас едi. Ата-ана тәрбиесi көп жерде жетiспейдi. Әрбiр ата-ана балаларын үлгiлi етiп тәрбиелесе жақсы үлгi көрсетуге мiндеттi. Бала тәрбиесiне атсалысуға әрбiреуiмiз дайын болайық Қорытынды:  Балаларымыз бақытты болып, тәрбиелi болуына тiлегiмiздi қосайық. Еңбек етудi естен шығармасақ, қиындықты да, қызықты да баламен бiрге бөлiскен жөндi де мәндi.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.89 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 146

Похожие материалы