Кластан тыс шара
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кобанова Салтанат Амиржановна
|
Сабақтың тақырыбы: "Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал".
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта.
Түрі: зияткерлік ойын
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-Армысыздар,құрметті ұстаздар! Сіздерді 1-ші сынып оқушыларының арасында "Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал" атты ойынын тамашалап отырсыздар.Әр сыныптан ең білгір,ең мықты ойыншы қатысады.Сол оқушылардың ішінен ең үздігін анықтаймыз.
Ең мықтыны таңдау үшін,әділ-қазылармен таныс болайық.
1. 3А-сынып мұғалімі Қырықмылтықова Күлімжан Ақжолқызы
2. 3Ә-сынып мұғалімі Аспантаева Лида Батырбекқызы
Қатысушылар тізімі:
1. 1А-класынан Ізім Дәулет
2. 1Ә-класынан Нұрлан Бекхан
3. 1Б-класынан Сәлімжанұлы Иманәлі
4.1В-класынан Асладин Әли
Сайыс бес бөлімнен тұрады
I бөлім -"Кім шапшаң?"
II бөлім -"Тест сұрақтары"
III бөлім -"Фигуралар қию"
IV бөлім -"Логикалық есептер"
V бөлім - -"Ойлан, тап"
-Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.Ойын соңында әр оқушының алған ұпай саны есептеледі.Сонымен қатысушыларға сәттілік тілей отыра,ойынымызды бастаймыз.
I бөлім. "Кім шапшаң?" бөлімінде қатысушылар өрнектің мәнін тауып,теңдігін дұрыстап жазу қажет.
4+3=
5-0=
8-8=
9-2=
0+6=
II.бөлім. "Тест тапсырмалары" Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеу.
1)Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
А)0 ә)9 б)10
2)Өрнектерді салыстырып,тиісті таңбаны қой: 6-4* 7-3
А)= ә)> б)<
3)Бақыттың 8 шары бар еді,ол 3-еуін жарып алды.Неше шары қалды?
А)4 ә)5 б)2
ІІІ.бөлім "Фигуралар қию" бөлімінде түрлі-түсті қағаздан әр түрлі фигуралар қияды.
ІV.бөлім "Логикалық есептер" бөлімінде фигураларды табу.
V.бөлім "Ойлан,тап" бөлімінде фигураларға ұқсайтын заттарды жазу.
1-ші орын.50 ұпай санымен, 1Ә-класынан Нұрлан Бекхан
2-ші орын. 48 ұпай санымен, 1А-класынан Ізім Дәулет
3-ші орын. 43 ұпай санымен, 1Б-класынан Сәлімжанұлы Иманәлі жүлделі орындарға ие болды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.58 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |