"Кім тапқыр?" сайысы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Нугманова Гулнар Есбергеновна Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №2 орта мектеп Пән: Дүниетану Сынып: 1 Түрі: Сайыс     Тақырыбы: «Кім тапқыр?» сайысы Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген құштарлығын арттыру. Жалпы дүниетану туралы түсініктерін кеңейту. Тез және дұрыс шешім қабылдауға үйрету Көрнекілігі: Жемістер, көкөністер, суреттер, слайд Әдісі: сайыс Барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды 2 топқа бөлу: Жемістер Көкөністер Сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1. Сұрақтар 2. Жұмбақтар 3. Себетке жемістер жинау 4. Жемістердің суретін сал                        1-кезең: Сұрақтар: -Көкөністерді ата және жаз (1-топ) -Жемістерді ата және жаз (2-топ) -Көкөністердің пайдасы қандай? -Жемістердің пайдасы қандай?   2-кезең: Жұмбақтар шешу     Бұйра шашы желмен ойнап тұрады, Қызыл мұрны жерге байлап тұрады.    (сәбіз)   Егіп, суарсаң есебі, Қара жерде өседі. Үлкен-кіші қызыққан, Айнымайды шұжықтан. (қияр)   Шәліден соң шәліні, Үсті –үстіне жамылды.   (орамжапырақ)       3-кезең: «Себетке жемістер жинау» ойыны   Бақшасында атамның Көкөністер көп екен Теріп, жинап аламыз Себеттерге саламыз Пияз, картоп, қызылша Түйнек, сәбіз, қызанақ Орамжапырақ қиярлар Жалқан болса тағы бар.   Оқушылар жемістер жинайды, жемісті көп жинаған топ жоғары ұпай алады.   4-кезең     Сайыс соңында ұпай саны есептеліп, ұпайды көп жинаған топ жеңіске жетеді. Топтар марапатталады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1023.8 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 217

Похожие материалы