Күнделікті сабақ жоспары "Қазақ тілі сабағында" (8 сынып)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жаналина Айсулу Зейнулаевна
|
Сынып: 8
Күні: 24.04.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында. Қайталау сабағы.
Грамматикалық тақырыбы: Модаль сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Модаль сөздер туралы түсінік беру. Модаль сөздердің қолдану ерекшілігін түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушыларға лексикалық білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту. Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру, еркін сөйлеуге, дұрыс және толық жауап беруге бағыттау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздіктермен және топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды сабақта әдептілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой қозғау, ойын, топтастыру, жағдаятты шешу, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, бағалау парағы, маркер, плакат, қайшы, кесте.
Күтілетін нәтиже:
- Модаль сөздердің айырмашылығын білді.
- Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындады.
-Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптаса бастайды, белсенді жұмыс жасауға машықтанады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Мақсатты айқындау (жұптық). «Бүгінгі қазақ тілі сабағында» тақырыбын білуде алдымызға қандай мақсат қоя аламыз?
2.«Әріптерді ауыстырылған есімдер» атты ойын ұсынылады. Сыныптағы оқушылардың есімі шығады. Осы есімдерді модаль сөздермен байланыстырады. Жұппен жұмыс жасау арқылы модаль сөздерді анықтайды.
Модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ойына қатысты көзқарасын көрсетеді. Модаль сөздер – топшылау, растау мағынасын білдіреді. Олар ешбір сөз табына жатпайды.Қазақ тілінде модаль сөздер көп емес. Олар: шамасы, әрине, әлбетте, бар, қажет, керек, иә, жоқ, мүмкін, тиіс, расында, шынында, сияқты, секілді, тәрізді, ықтимал, шығар, болар, екен.Мысалы: Ол, шынында, жап-жақсы адам. Ол түйе секілді.
3.Мәтінді оқу арқылы, тақырып бойынша сұрақтар құрастыру. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-топ: Біз бүгін қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдер туралы оқыдық. Мақал-мәтел туралы бұған дейін де білетінбіз. Бұл жолы да көп нәрсе үйрендік. Мақал-мәтелдер бізді ата-бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты.
2-топ: Мақал-мәтелдер арқылы олардың өсиетін тыңдай аламыз. Олардың әрбірінен ата-бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес тәрбиесін көре аламыз. Бір жағынан, мақал-мәтелдерді өмір сүру қағидалары десек те болады. Өйткені олардан керекті ақылдың бәрін таба аламыз, нені істеу керек, нені істемеу керек екенін білесің.
3-топ: Адасқан уақытыңда саған бағыт беріп отырады. Демек, мақал-мәтелдерді оқып үйренген адам өмірден өз жолын таба алады. Сондықтан «ғалымның өзі өлсе де, хаты өлмейді» деген мақал-мәтел осыған байланысты айтылған.
Тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
1.Мәтінге сұрақтар құраңдар.
2.Мәтінде берілген мақал-мәтелді жазып, мағынасын түсіндіреді.
ІІ деңгей.
1.Мәтінге жоспар құрап, әңгімелеңдер.
2.Білім, оқу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер. Еске түсіріп, жазыңдар.
І деңгей
Мақал-мәтелді сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіріңдер:
ІV. Сабақты бекіту.
Рефлексия:
Не білдім? Нені бүгін білдім? Нені білгім келеді?
V. Үйге тапсырма: Мақал-мәтелдерді жаттап келу.
Модаль сөздермен 5-6 сөйлем құрастыру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.35 Kb |
Количество скачиваний: | 80 |