Компьютер және негізгі құрылғылары (5 сынып)

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

КОМПЬЮТЕР – (ағыл. Computer – “есептегіш”),

 

    ЭЕМ (электронды есептеуіш машина)

 

 есептеулерді жүргізуге, және  ақпаратты елгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінде  алғашқы  кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі есептеу болып саналған,  қазіргі  уақытта компьютердің қызметі – асқару болып табылады.  

 Негізгі құрылғылары:

Жүйелік блок

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей

Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1 Mb
Количество скачиваний: 79
Просмотров: 206

Похожие материалы