Компьютердің атасы кім? тақырыбындағы сабақ

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

8 «А» сыныбында өтілген сабағымды сәтті өттідеуге болады. Жоспарлаған тапсырмаларымның барлығы дерлік уақытқа сәйкес іске асырылды. Сабақта оқушылар үлкен жауапкершілік пен белсенділік танытты.

Не сәтті өтті?

«Өрмекші» ойыны аз уақыт ішінде барлық модаль сөздерді қайталауға және барлық оқушыны сөйлетуге мүмкіндік берді. Диалогтік оқытудың тиімді әдістерінің бірі екен. Себебі «үндемейтін» оқушым Соловьев Антон да қазақша сөйлем құрап, сыныптастарынан қалыспауға тырысты.

«Менің виртуалды әлемім» айдарымен ұсынылған пікірсайыс сөйлеу шеберлігін шыңдайды, нақты фактілер мен дәлелдерді келтіруді талап етеді. Даттаушылар да, жақтаушылар да сын көзбен қарап өз позициясынның дұрыстығына сендірді. Әсіресе, Архипова Алена,Тятюшкина Оксана, Столбова Вика деген оқушыларым білімдерімен ерекшеленді.

Не сәтсіз болды?

Үй тапсырмасына кейбір оқушылар дайындалмай келген. Сондықтан сызба бойынша саяхатты әңгімелей алмады. «Бір айналым жол»әдісі бойынша сөйлемін оқығанмен түсінбейтін, түсінуге ұмтылмайтын оқушыларым бар. Олар өздеріне басқалардың аударып, түсіндіріп беруін күтіп отыра береді.

Нені өзгертуім керек?

Васильев Владик, Соловьев Антон деген оқушыларма қазақшадан орысшаға немесе орысшадан қазақшаға аударма жасайтын, шығармашылық-ізденіске бағытталған тапсырмаларды жиі беруім керек. Топтық жұмысты үлестіру кезінде бір міндетті мойнына жүктеу жауапкершілік сезімдерін оятады деген үміттемен.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.67 Mb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 232

Похожие материалы