"Компьютерлік модельдеу" тақырыбындағы 9 сыныпқа арналған сабақ жоспары, презентациясымен, флипчартымен

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік модельдеу.

Сабақтың мақсаты: .

Білімділігі: модельдер туралы түсініктері толығады, компьютерлік модельдеу туралы түсініктері қалыптасады, компьютерлік модельдеуді үйренеді.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, слайд, флипчарт, А3, маркер, стикер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІҮ. Сабақты бекіту

Ү. Оқушыларды бағалау

ҮІ.Үйге тапсырма

Жaңа сабақ:

Әр топқа постер жасату (топ аттарын қорғау).Оқулықпен жұмыс.

І топ: Модель, модель түрлері.

ІІ топ: Компьютерлік модельдеу

Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сеулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

  1. Қолдану аймағы.
  2. Модельде уақыт факторын ескеру.
  3. Білім саласына қарай топтау.
  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Реферат қорғату.

Модельді сәйкестендіру.

Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады.

Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.

Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Жаңа сабақты бекіту :

Сұрақтар:

1.Модель дегеніміз не?

2.Модельдеу деп нені айтады?

3.Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

4.Модельдеудің мақсаты қандай?

5.Компьютерлік модель дегеніміз не?

6. Күнделікті өмірден және қоршаған ортадан модельдерге мысал келтір.

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 3.33 Mb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 156

Похожие материалы