Концерттік бағдарлама "Айгөлек - 2015"

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Айгөлек» концерттік бағдарламасы  «Балапан» және «Еркем-ай» тобы бүлдіршіндері арасында өтті.Концертке балалар жақсы әзірлікпен қатынасты.Бұл бағдарламаны жүргізуге « Балдәурен» МдҰ –ның түлегі Ұлту ат салысты.Ол бағдарламаны барынша қызықты жүргізді.Концерт «Барабан маршы» биімен ашылды.Шахназ «Үнді » биін нақышына келтіре биледі..

Ал Мұрагер жеке дауыста «Балапан» әнін билеп тұрып айтып шықты.Би билеуге қызыға қатысып жүрген «Балапан» тобы  ұлдары «Жігіттер» биін биледі. Патриоттық тұрғыда Бақтияр «Ел қорғауға әзірміз » әнін айтты.Сонымен қатар ұлттық аспаптарды қолдана отырып, «Оркестор» ойнатылды. «Еркем-ай» тобы бүлдіршіні Ақниет «Құттықтаймын мама туған күніңмен » әнін тамаша орындады.  Соныменқатар «Спорттық» биде биленді.Биші қыздарымыз Шаттық пен Наргиза «Өзбек» биін билеп көрсетті.Бағдарлама соңында «Айгөлек» әні хормен айтылды.Бүлдіршіндеріміздің  өз өнерлерін көрсету алдында барлығы бейнебаяннан концертке деген дайындығы мен тілектері тамашаланып көрсетіліп отырды.Бағдарлама соңында бүлдіршіндеріміз марапат сыйлықтармен марапатталды.Ата-аналар сөз сөйлеп өз тілектерін білдірді.

 

Алдағы уақытта бүлдіршіндеріміздің өнерге деген қызығушылықтары одан әрі артып, өздерін әр қырынан көрсетуге талпыныспен қарайды деп ойлаймын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.61 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 116

Похожие материалы