Конкурс учителя года - Визитка
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Муратканова Перезат Муратовна
|
Мұғалімнің визиткасы
Мұратканова
Перезат Мұратқызы
информатика пәні мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1. Мұғалім: кеше, бүгін, ертең.
2. “Танысайық , бұл мен...”
3. Менің жетістіктерім.
4. Менің сүйікті оқушыларым.
5. Менің хоббиім.
6. Интернет – өмір талабы.
7. Презентацияларым.
Мұғалім: кеше,бүгін,ертең.
Алғашқы рет мен 1990 жылы 6 сәурде №5 орта мектепке хатшы ретінде жұмысқа қабылдандым.1999 жылдан бастап 2004 жылға дейін СМПУ-тін бітірдім .2004-2005 оқу жылынан бастап бастауыш мұғалімі
боп ауыстырылдым.
2006-2008 жылдары информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша СМПУ-тін сырттай бітіріп, сол жылдан бастап информатика пәнінен сабақ беремін.
Информатика бірлестігінің жетекшісі Райсов Б.С.
мені осындай болса екен дейді
Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа
ғасырдағы мұғалімі болып, озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және рухани өсуіне, әдеби – мәдени дамуына басты
ықпал жасаушы, ұлтжанды патриоты болуы керек.
Әріптестерім мені осындай болса екен дейді
Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл, өзінің терең білім – білігі жоғары
мәдениеттілігі мен ақыл – парасат-тылығымен үлгі болғаны жөн.
Ертедегі Фея сияқты бір секундтың ішінде сиқырлы таяқшамен
жүргізгенде мұғалімнің барлық жұмыстары орындалып тұрса ғой деп ойлайды.
Оқушыларым мені осындай болса екен деп ойлайды.
Ұстаз шәкіртіне ана да, әке де болады. Шәкірттерін туған ата – анасындай баурап, оның жанын терең түсінетін балажан, кішіпейіл,
қайырымды, инабатты, жанын сала жақсылық жасайтын, әр қашан қасынан табылатын кейіпкер Бетман секілді гумманист болса деп елестетеді.
Отбасым мені осындай болса екен деп қиялдайды.
Дем беріп, еңбегіме өміріме,
Табылатын қасымнан күш-жігерім.
Алтын діңгек, қамқоры отбасының,
Сыңарым асыл жарым, жан жүрегім.
Шың мәнінде мен осындаймын!
“Дені сау адам –табиғаттың ең қымбат жемісі” деп босқа айтылмаған. 2010 жылы мұғалімдер арасындағы мектепішілік «Көңілді старт»жарысында «Жас информатиктер» құрама командасымен І орынға ие болғанбіз.
Мектепішілік іс-шаралары : Қозы мен Баянның 1500 жылдық тойына қатысу .
Оқушылар демалысын дұрыс ұйымдастырудағы мұғалімнің үлесі :
«Балдәурен» жазғы демалыс лагері.
Күнделікті сабақтардан көрініс
Жаңа заман жаңалығы – бұл тақта,
Қиялыңды іске асырар бір уақта.
Электронды оқулықтар тиімді,
Технология озық мына заманда.
Тәрбие сағатарынан көрініс
Өткізіп сыныптан тыс мерекені,
Өнермен сусындатып шәкірттерді.
“Танысайық , бұл мен...”
Ұстаздықтың ауыр жолын өткенімен,
Таңдап алдым, сыйлы болып көпке елдің
Қиынсынбай бар міндетін бірінде
Ұлағатты ұстаздықтың шарықтап көгінде.
Сегіз қырдың бар сырын меңгердім
Ғасырлардың арасын теңгердім
Күн өткенмен, жылыстап жыл кеткенмен
Оқушыма білім беріп еш таусылмас мейірім
Атына затың дағы мінезімде
Сай боп тудым ұстаз негізінде.
Әрқашан күндей болып шуақ шашып
Перизат Мұратқызымен боламын.
Педагогикалық ұстанымым:
“Ескіден қол үзбей, жаңаға қол
жеткізгендер ғана мұғалім
бола алады”
Қытай ағартушысы
Конфуций
Мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Менің жетістіктерім
Еңбектендім алғыс алып халықтан,
Марапат пен алғыс хаттар жазылған.
Менің сүйікті оқушыларым
Бағалаймыз әр уақыт ерекшені,
Тұлғаларда білім, ғылым, өнерді.
“Компьютерлік графика”үйірмесі
24 қараша 2012 жыл
Информатика пәні апталығында өткен
“Компьютерлік графика”көрмесі
“Энергия және қоршаған орта”көрмесі
Менің хоббиім
1. Бау-бақшада гүл, жеміс-жидек,көкініс өсіру.
2. Фотосуретке түсіру
3. Кілем тоқу,киім тігу
4. Құрақ көрпе тігу,қағазбен жұмыс істеу.
5. Қолдан тағам пісіру, салат жасап,қысқыға түздау.
Интернет – өмір талабы.
Бос уақытымда интернетпен жұмыс істеу
Өзімнің іс-тәжірибенде интернет-ресурстарын қолданамын
Менің презентацияларым
Тип материала: | Неизвестен (avi) |
---|---|
Размер: | 20.18 Mb |
Количество скачиваний: | 6 |