Конспект ''Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы''

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Жасанды интеллект  – бұл модель мен тиісті бағдарламалық  құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына проблемасына) жүгіну талап етілетін үдерісте есептесу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты.ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.

ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭВМ-нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы(имитациялауы) тиіс болды.

Егер ЖИ-ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:

 

  1. Медициналық диагностика ,оқу, кеңес беру,
  2. ЖИ-ді жобалау.
  3. Әртүрлі салаларда міндеттерді шешу бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету.
  4. Автоматтық бағдарламалау. ПО сапасына тексеру мен талдау.
  5. Өте үлкен интегральды схемаларды жобалау.
  6. Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика және ұсыныстамаларды жасау.
  7. Әртүрлі пәндік салаларда жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде.
  8. Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы  қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстамалар. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.57 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 104

Похожие материалы