Конспект «Желкенді қайық»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Хабдол Бейбитгул Ханыйқызы
|
"Описание материала:
«Келлер орта мектебі» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Тақырыбы:" «"Желкенді қайық»
" Тобы:Мектепалды даярлық Тәрбиеші:Ханый Бейбитгул.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы:
«Желкенді қайық» Мақсаты: Балаларға көлік түрлерін естеріне түсіру, қағаздан сызба үлгіге қарап, бүктеу тәсілі арқылы қайық жасауға үйрету, ойлау қабілетін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құралдар: Үлгі сызбанұсқа, ағаштан, қағаздан жасалған қайық, кең ыдысқа құйылған су.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп тұр. Бірақ алдымен біз келген қонақтармен амандасып алуымыз керек. Шаттық шеңбері. Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Сәлем беру үлкенге, Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге.
Саламатсыздар ма, апайлар?!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Тыңдаңыздаршы балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты. Кім екен келген?
Балалар: Қонжық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бірақ қонжығымыз өте көңілсіз екен.
Неге мұңайып келгенін сұрап көрейік. Балалар, қонжықтың айтуынша , оның ата-анасы теңіздің арғы бетінде тұрады, мында достарыммен келіп, адасып кетіпті, енді үйіне қалай жетерін білмей тұр екен?!
Қонжыққа көмектесеміз бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші:Ендеше балалар, қонжыққа көлік керек екен,көлік жасап береміз бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Алдымен балалар айтыңыздаршы, сіздер қандай көлік түрлерін білесіздер?
Балалар: Жерде жүретін - автокөлік, жүк көлігі, поезд.
Әуеде ұшатын - әуе шары, ұшақ, тікұшақ.
Суда жүретін - қайық, кеме.
Дидактикалық ойын: «Көліктер».
Ойынның шарты: Балалар әртүрлі көлік түрлерін суреттерге қарай отырып, ажыратып, қай көлік түріне жататындығы туралы айтып өту қажет.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді мына жерге назар аударыңыздаршы, не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Су, қайық түрлері(қағаздан және ағаштан жасалған қайықтар) .
Тәрбиеші: Ендеше біз қағаздан қайық жасап, қонжыққа берейік.
Ол өзінің ата-анасына тезірек жетсін. Алдымен мына сызбанұсқа бойынша қағаздан қайық жасайық.
Үлгі сызбанұсқа бойынша қағаздан қайық жасаудың әдіс-тәсілдерін тәрбиеші түсіндіріп, жұмысты бастайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз орнымыздан тұрып саусақ бұлшық еттеріне арналған сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті: Мынау менің жүрегім- Осыдан бәрі басталады.
Мынау менің басым- Осы бәрін басқарады.
Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым.
Бір, екі, үш, Жинап алдық күш!
Тәрбиеші: Жарайсыздар,балалар,отыра қойыңдар. Енді жұмысымызды аяқтайық.
Дидактикалық ойын: «Тез жапсыр» Ойынның шарты: Қайық пен кеменің бөліктерін жапсырады.
Ортаға екі баланы шығып, жарыса отырып, тез жапсырып алу қажет.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Жасаған жұмыстарымызды мына үстел үстіндегі тұрған ыдыстағы суға жіберейік.
Балалар, сіздерге қонжық рахмет айтып жатыр, сіздер жасаған қайықпен өз ата-анасына қауышатын болды.
Қонжық балаларға алғысы ретінде әсем әуен орындап, би билеп берді.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бізге көмек сұрап, кім келді?
Балалар: Қонжық келді.
Тәрбиеші: Бізге қандай өтінішпен келді?
Балалар: Көмек сұрап келдік.
Тәрбиеші: Біз оған қалай көмектестік?
Балалар: Қағаздан қайық жасадық.
Тәрбиеші: Сіздерге ұнады ма?
Балалар: Иә, өте ұнады.
Тәрбиеші: Қағаздан қайық жасауды үйрендік пе?
Балалар: Иә, үйрендік.
Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар, сіздерге көп-көп рахмет!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 44 Kb |
Количество скачиваний: | 95 |