Конспект на тему литосфера.
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Машрапов Адильбек Машрапович
|
Сабақ № 10
Күні: 18.11.14
Сынып: 5 Ә
Сабақтың тақырыбы: Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жердің кұрылысы (жер қыртысы, мантия, ядро); жер қыртысы (материктік, мұхиттык); тау жыныстары (магмалық, шөгінді, метаморфтық) жыныстарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Аралас
Оқыту құралдары: Карта, атлас, оқулық.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру
II Үй жұмысын тексеру
III Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ жаңа материалды оқушыларға мұғалімнің түсіндіруінен басталады. Мұғалім жаңа материалды өтуге окушыларды дайындау және "Дүниетану" курсымен байланыстыру мақсатында: "Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер? Біз тұратын облыста, ауданда қандай кен орындары бар?" деген сияқты сүұактар қояды. Бұл сұрақтар оқушыларға қажетті тірек білімдерді естеріне түсіруге және олардың таным белсенділігін арттыруға көмектеседі. Жер шарының беті қатты қабықпен қапталған деп мұғалім жаңа материалды түсіндіруді бастайды. Осы қатты қабықты литосфера деп атайды (грекше Іііоз - тас, врһаіга - шар). Жер кыртысының көтеріңкі бөліктері материктер мен аралдар болып саналады. Ал жер қыртысының басқа аласа бөліктерінің көпшілігін мұхиттар мен теңіздерді құрайтын су басып жатыр. Сол сияқты су кұрлық бетінің ой жерлерін толтырып, келдерді, езендерді, батпақтарды, сонымен бірге мұздыктарды және жер асты суларын кұрайды. Осы су массаларының бәрі Жер шарының су кабығын немесе гидросфераны құрайды (грекше һусіог - су).
Жер шарының сыртын ауа кабығы немесе атмосфера коршап тұрады (грекше аітов - ауа немесе бу). Оның биіктігі 1000 км-ге дейін барады. Кейінгі кезде зымырандар және жер серіктерінің көмегімен 20000 км биіктікте тығыздыгы планетааралық кеңістіктің тығыздығынан аз-ақ айырмашы-лығы бар ауа белгісі байкалған. Атмосфера Жердің ең сырткы қабығы болғандыктан оған ғарыштың, соның ішінде, әсіресе Күннің әсері өте катты тиеді. (Осы жерде "Литосфераның кұрылысы" таблицасы пайдаланылады).
Жерде тіршілік ететін түрлі ағзалар, яғни микроскоптың бактериялардан бастап адамға дейін Жердің ерекше кабығы - биосфераға жатады (грекше Ьіоз - тіршілік). Тіршілік ауада, суда және Жердің беткі кабығында таралған.
Осыдан кейін мұғалім Жер шарының ішкі кұрылысына токталады. Оқулықтағы суретті, "Жер шарының ішкі құрылысы" кестесін немесе тактаға салынған суретті пайдалана отырып Жер негізінен үш бөліктен тұратынын айтады. Жер кыртысы материктік бөліктерде 30-80 км, ал мүхиттык бөлікте 5-10 км аралығында екенін ғалымдар таяу уақытта аныктады. Одан кейін мұғалім жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдың тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера деп аталатынына окушылардың назарын аударады және ол ірі тақталардан тұратынын айтады.
Мантияның астында Жердің ядросы орналаскан. Ол сырткы және ішкі ядро болып бөлінеді. Осы қазірге дейін оның неден тұратыны жайлы болжамдар әр түрлі болып келеді. Көбінесе кремний мен никель араласып балкыған темірден тұрады деп жорамалданады.
Ал жер қыртысын зерттейтін әдістер және оның қажеттілігі жайлы мұғалім оқушыларға өз беттерімен оқулық мәтінінен тауып оқуды ұсынады. Оқушылар мәтінді оқыған соң, оларга мына мәселелер жайында пікір айту ұсынылады:
Сабақты бекіту: Ертеде Жер туралы кандай мәліметтер болған?
1. Жер кыртысын бұрғылау әдісімен зерттеуге бола ма? Жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және оны өзгерткен кұбылыстар туралы қалай мәлімет алуға болады?
2. Сейсмикалық әдіс жер қыртысы кандай жыныстардан тұратындығын айқындай ма?
3. Жер қойнауын зерттеу ондағы кен байлықтарын игеруге жол аша ма?
4. Жер қойнауындағы үрдістерді біліп және соған қарай адам іс-әрекетін ыңғайлауға мүмкіндігі бар ма немесе апат кұбылыстардың алдын алуға мүмкіншілік бар ма?
Пысықтау мынадай сұрақтар қою арқылы жүреді.
1. Жер шарының сырткы кабықтарын атаңдар.
2. Жер шарының ішкі құрылысы қандай? Олардың қабаттарының қалыңдығы қандай?
3. Жер кыртысын не үшін зерттейді?
Үй тапсырмасы: Оқулықтың §17 "Жердің құрылысы" тақырыбын оқып, соңындағы сұрактар мен тапсырмаларға жауап беру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 35.66 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |